3 қарашада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджеттік комиссияның 28-і отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс жұмысында Президенттің “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғаушылардың және сот жүйелерінің қызметін арттырудың іс-шаралары туралы” Жарлығына сәйкес, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалық-сметалық құжаттарының параметрлерін оңтайландыруға байланысты 2010 жылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселелері қаралды.