Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің (ЭСК) кезекті отырысы өтті.
ЭСК мүшелері отандық электр энергетикасы саласын одан әрі модернизациялау, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын әрі қарай басқару мәселелерін талқылады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.