• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – отансүйгіштіктің белгісі

733 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Мемлекеттік рә­міз­дерге құрметпен қарау әрбір қа­зақ­стандықтың отансүйгіштігін көр­се­те­тін маңызды мәселе екенін атап көрсетті. Бүгінгі күні еліміз Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың сарабдал сая­са­ты­ның арқасында ЕҚЫҰ төраға­лы­ғын абыроймен атқарып, енді Ұйым мүшелері Мемлекет басшы­лары­ның саммиті сияқты әлемдік шараны өткізуге қол жеткізіп отыр. Оның үстіне еліміз тәуелсіздігінің 19 жылдығын ме­ре­келейтін Ұлттық мереке қарса­ңын­да тұр­мыз. Біздің отырысымыз осы ма­ңыз­ды шаралардың қарсаңында өтіп, еліміздегі мемлекеттік рәміз­дерге деген құрмет пен ілтипатты тереңдете түсу мақсатын көздейді, деді Қ.Саудабаев. Отырыс барысында Батыс Қа­зақ­стан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің, сондай-ақ Қаржы, Денсаулық сақ­тау министр­лік­терінің мемле­­кет­тік рәміздерді пайдалану, қол­дану жө­нін­дегі жұмыс тәжі­ри­белері тың­дал­ды. Сонымен қатар, мемле­кеттік рә­міздерді дайындау кезінде мем­лекеттік стандарттарды сақтау ту­ра­лы Индустрия және жа­ңа тех­но­ло­гия­лар министрінің ор­ын­­ба­сары хабарлама жасады. Қ.Саудабаев мемлекеттік рә­міз­дер­ді пайдалану мен қолдану бой­­ын­ша дұрыс нәтижелермен қа­тар, кейбір кемшіліктердің кез­­де­сетінін де атап өтті. Мәсе­лен, олар­­ды тиіс­ті ережеге сәй­кес пай­­да­­ланбау фак­ті­лері әлі де кез­­де­седі, деді ол. Осы ретте, Тәу­­­­ел­сіз­­ді­­гіміздің 20 жыл­ды­ғына дайын­дық шаралары шең­бе­рін­де мем­ле­кеттік рәміздерді тиісті тәртіпке сай пайдалану мен қол­дану­ды патриоттық тәрбие жұ­мы­сы­мен үйлестіре отырып, аза­мат­­та­ры­мыздың бойына сіңіре бі­луіміз керек, деді Қанат Бекмырзаұлы. Комиссия отырысының қо­ры­­тын­дысы бойынша хаттама­лық ше­шім қабылданды және мем­лекеттік органдарға мемле­кет­тік рәміздер жөніндегі заң­нама қа­ғи­даларының бұлжытпай орында­луы, сондай-ақ оларды пайда­ла­нуды бақылаудың тетік­терін же­тіл­діру туралы нақты тапсырмалар берілді. Отырысқа комиссия мүше­ле­­рі, Парламент депутаттары, ти­істі ме­м­­лекеттік органдар мен қо­­ғам­дық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жақсыбай САМРАТ.