• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Қараша, 2010

Қылмыс құрықталмай қоймайды

422 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдарын ре­фор­малау халықтың қауіпсіздігі мен ты­ныштығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар елдің эко­но­ми­калық дамуы мен әлеуметтік ахуал­­дың тұрақты қалыптасуына дем беретін маңызды алғышарт бо­лып табылады. Алайда, бұл жағ­дай­да құ­қық қорғау органдарын қай­та құру жеткіліксіз, яғни рефор­ма­лау бары­сын­да, ең алдымен, олар­дың қызмет ету тиімділігін арт­тыру қажет. Оны жүзеге асырудың бір бағыты – атқа­рылған жұмыс тә­жі­­рибесін жинақтап талқылау мен ғылыми-теориялық құқықтық тұ­жырымдамаларды нақты пайда­ла­ну арқылы қамтылады. Ал бұл мемлекеттің экономикалық қауіп­­сіз­­дігін қамтамасыз ететін құқық қор­­ғау органдары үшін жаңа мін­дет­тер жүктейді. Ол қандай мін­дет­тер? Міне, осы және басқа да мәсе­ле­лер Экономикалық қылмысқа жә­не сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес агент­тігінің Қаржы поли­ция­сы акаде­миясында ұйымдас­тырыл­ған “Құқық қорғау органдарын ре­фор­малау ба­ры­сында оның қызмет тиім­ділігін арт­ты­ру мәселелері мен алда тұрған мін­дет­тер” атты рес­пуб­­ликалық ғылыми-практикалық кон­­­ференцияда жан-жақты ай­тылды. Конференцияны ашқан Қаржы полициясы академиясының бас­ты­ғы, полковник М.Бәшімов Мем­ле­кет бас­шысы елдегі сыбайлас жем­қор­лық­пен күреске ерекше мән бе­ріп отырғанын, соған орай еліміз жем­қорлықпен күресте алдыңғы қатарда келе жатқандығын, мұны көр­ші ел сарапшыларының да рас­тап, біздің экономикалық қарсы бар­лау қызметі­міз оларға қарағанда әлде­қайда тиім­дірек екендігін мо­йын­дайтындығын айтып өтті. Ал он­дай жетістіктер мен жеңістер оңай келіп жатқан жоқ. Бү­гінгі ака­де­мия тындаушылары, яғни ертеңгі кү­ні жемқорлармен нақты кү­ре­су­ші­лер сол жетістіктер мен жеңіс­тер­ден не алып, не үйренуі керек? Осы орайда сөз алған Қаржы поли­ция­сы төрағасының орынбасары Р. Ыбырайымов, “Нұр Отан” ХДП пар­тиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Рахымбеков, Бас Про­ку­рордың аға көмекшісі Т.Сәрсенбаев, Жоғарғы Сот ап­па­ра­тының стратегиялық әзір­леу жә­не талдау бөлімінің меңгеру­ші­сі Е.Абдурасулов және тағы басқалар құ­қық қорғау органдарының ат­қа­рып жатқан қызметі, оларды ре­фор­малау өзектілігі, заңдардағы өз­ге­рістер және бірқатар шешімін тап­пай жатқан мәсе­лелер туралы өз ой­ларын ортаға салды. Еліміз өзінің даму жолында соң­ғы жылдары өте үлкен өзге­ріс­тер­ді өткеріп, талай асулардан асты. Бұл экономика, саясат, азаматтық қо­ғамды дамыту секілді барлық са­ла­ға қатысты болып отыр. Әрине, уа­қыт бір орында тоқтап тұрған жоқ, соған орай заңдар өзгеруде, әсі­ресе, жұмыс тиімділігі азамат­тар­дың билікке деген сеніміне және ел­дің әлеуметтік тұ­рақтылығына тіке­лей әсерін тигізетін мемлекеттік әлеу­етті құрылымдарға қойылатын та­лап деңгейі де өзгеруде. Демек, бұл жағдайда сот және басқа да құ­қық қорғау органдары қызмет тиім­ді­лігін арттыру үшін реформаны ай­налып өте алмайды. Мәселен, 2001 жылы қаржы полициясына ре­фор­малау жүргізіліп, оған агенттік мәртебесі мен экономикалық және қар­жы саласындағы қылмыстарды ашу мен тексеру өкілдігі берілді. 2003 жылы ІІМ-нен жемқорлық қыл­­мыстарды анықтау мен тергеу құзы­реті ауыстырылды. Ал 2005 жыл­дан бастап агенттік тікелей Ел­ба­­сыға бағынатын болды. Президент Жарлығымен Қаржы полициясы өзге құқық қорғау орган­дарының қызметін қайта­ла­мас үшін тек сыбайлас жемқорлық жә­не экономикалық қызмет сала­сын­дағы қылмыстар бойынша ғана қыл­мыстық істерді тергеуге бағыт­тал­ды. Штат санын қысқарту арқы­лы қызметте білікті кадр ма­ман­дар­дың қалуына қол жеткізілді. Сөйтіп, әкімшілік реформаны өткізудегі негізгі мақсат – басқару аппара­ты­ның қызмет тиімділігі мен нә­ти­же­сін арттыру, кадрларды іріктеу мен өсі­руде негізгі өлшем ретінде жо­ға­ры кәсіптік шеберлікке жету, па­триоттық, алға ұзақ мерзімді өмір­шең міндеттерді қоя білу қабі­лет­ті­лігі мен оларды жаңа жағдайда ше­ше алу дәрежесіне жету міндеті жү­зеге асты. Дегенмен, кез келген ре­форманы жүзеге асыру бары­сын­да көптеген проблемалардың туын­дай­тындығы анық, дейді баян­да­ма­шы­лар. Соның бірі қылмыстық процесте татуласу ретінде көрініс таба­тын медиация институты нені біл­діретіндігі әлі толықтай түсін­ді­ріл­ген жоқ. Мәселен, медиатор­лар­дың қылмыстық іс жүргізудегі мәр­те­бесі қандай? Бұл тиісті рұқсаты бар өз алдына әрекет ететін жеке тұл­ға ма, әлде осындай адамдардың кәсіп­тік ұйымдасуы ма? Олай болса медиаторлар қандай жолмен қар­жы­ландырылады? Оларды қыл­мыс­тық процеске тартудың тетігі қан­дай? Бір сөзбен айтқанда, сұрақ көп, қазірше жауап жоқ. Әрине, жемқорлықпен күрес бір күндік шаруа емес. Ол әлі ұзаққа со­зылары анық. Бірақ, тәжірибе көр­сеткендей, оның салдарымен кү­ресіп уақыт оздырғанша, ке­рісін­ше, сол жемқорлық көріністерін ту­ды­ратын себептерді жоюға күш са­лу қажет. Міне, бұл орайда Елбасы бас­таған “Нұр Отан” партиясы сы­байлас жем­қор­лықпен күресте мем­ле­кеттік ор­ган­дарға ойдағыдай кө­мек көрсетіп, қол ұшын беріп ке­ле­ді. Сонау 1998 жылы ТМД ай­ма­ғын­да бірінші болып “Жем­қор­лық­пен күрес туралы” қа­был­данған заң ше­шуші рөл атқарға­ны белгілі. Ал­ғаш рет “жемқорлық” деген әлеу­мет­тік теріс құбылыс тура­лы түсі­нік­ті анықтап, мәнін ашып берді. Со­дан бері сыбайластыққа қарсы та­лай соққы да соғылды. Бірақ бү­гінде уақыт талабына сай жем­қор­лық­қа қарсы жаңа заң дайындау қажет­тігі туындап отыр. Өйткені, мемлекеттік қызметтегі әрбір ла­уа­зым­ды тұлға қарамағындағы қыз­мет­кердің жасаған жемқорлық әре­кеті үшін бірінші болып өз еркімен жұ­мыстан шығуға арыз жазуы тиіс. Бұл заң нормасына айналуы керек, дейді баяндамашы. Сол сияқты мемлекеттік қара­жат­тың жұмсалуы мен активтердің пайдалануына қоғамдық бақылау құзы­ретін енгізу биліктің халық ал­дындағы нақты есеп беруін қам­та­ма­сыз етеді. Заңға қатаң жазалау баптарын енгізумен қатар, адал ең­бек етіп, адамгершілік туын ас­қақ­та­тып жүрген мемлекеттік және аза­маттық қызметкерлерді мара­пат­тау жағын да ойластырған орынды бол­мақ. Ал бюджеттік үдерістің ашық­тығына қол жеткізу сол бюд­жет­тік қаражатты жоспарлау мен пайдалану барысына мемлекеттік бақылауды күшейте түседі. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы тұрудың та­ғы бір амалы, әр аймақтағы жүзеге асырылатын әрбір индус­трия­лық жобаға қоғамдық бақылау ор­нату болып табылады. Конференцияда айтылғандай, мем­лекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру сыбайлас жемқорлық көрі­ністерін төмендетуге әсерін тигізеді. Мұны жүзеге асыру үшін, ал­дымен, жергілікті өзін-өзі бас­қа­ру­ды жетілдіру қажет. Сөйтіп, жер­гі­лікті өзін-өзі басқару органдарына бір­тіндеп тегін көрсетілетін мем­ле­кеттік қызметтер өкілеттілігі ауыс­ты­рыла бастағаны жөн. Жемқор­лық­тың эко­но­микалық негізін әлсірету шенеу­ніктердің нақты кі­рісі мен шығысына бақылау орнату ар­қылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұның ішінде пара берудің алдын алу, сол сияқты пара беру мен сый­лық­тың, марапаттаудың барлық түрі үшін жауаптылықты арт­тыра түсу қажет. Бұл жағдайда анық­тал­­ған жемқорлардың аты-жөні, су­реті бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрса, нұр үстіне нұр болмақ. Ғылыми конференцияның екін­ші бөлігінде құқық қорғау орган­да­рын реформалау оны жаңартудың басты өлшемі ретінде қарастыры­лып, кеден ісін жаңарту және құқық қорғау ор­гандарын жаңарту­дың құқықтық не­гізі, сол сияқты құ­қық қорғау орган­дарын реформа­лау барысында қаржы полициясы үшін мамандар даярлау мәселелері бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық универси­тетінің, Заң шығару институтының профес­сор­лары және Қаржы поли­ция­сы оқытушы-профессорлық құ­рамы­­ның мамандары баяндама жасады. Александр ТАСБОЛАТОВ.