• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Қараша, 2010

Астана Саммиті гуманитарлық ынтымақтастыққа қалай ықпал етпек?

500 рет
көрсетілді

“Үшінші себет” Астана Саммиті гуманитарлық ынтымақтастыққа қалай ықпал етпек? “Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті: гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту” атты дөңгелек үстелді өт­кізудің өзектілігі сонда, бұл басқосу ЕҚЫҰ-ның “үшінші себеті” шең­беріндегі міндеттерді – елдердің ішкі дамуындағы айрықша көкей­кесті түйткілдерді, яғни ЕҚЫҰ ая­сын­да гуманитарлық ын­ты­мақ­тастықты тереңдету мәселе­сін шешу маңыздылығына негізделген. “Гуманитарлық себеттегі” сау­ал­дар экономика және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы әріптестік  сынды белгілі дәрежеде маңызды мүдделестікке жетелейді.  Сондықтан да сарапшылар ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық міндеттемелерін атқару мен бекемдеудегі Қазақ­стан­ның рөлі, келешегі және жоспары туралы айтып қана қоймай, үш бағытта әңгіме өрбітті. Философия және саясаттану институтының ди­рек­торы Ә.Нысанбаевтың “Еур­азия­лық ынтымақтастық және адами өлшемдер” тақырыбына, ҚСЗИ директорының орынбасары З.Шаукенованың “Еуропаға ашыл­ған гендерлік терезе”,  Философия және саясаттану институтының аға ғылыми қызметкері А.Косичен­ко­ның “ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық се­беті қызметіндегі дін” мәселе­ле­рі­не арналған баяндамалары ба­рын­ша мазмұнды әрі қызықты шықты. Дөңгелек үстелде сарапшылар “Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде конфессияаралық, этнос­ара­лық толеранттылық пен мәде­ниет­аралық үнқатысу, азаматтық қо­ғамның дамуы сынды адами өл­шем­дерге басты назар аударды” деді. Қатысушылардың пікірінше, адами өлшемдердің бұл көрінісі қазіргі кезде  қазақстандық үлгі ретінде қалыптасып үлгерді. Осыған байланысты соңғы уақытта толеранттылықтың “қазақстандық үлгісі” халықаралық жетекші сарапшылар мен саясаткерлердің қызығушылығын арттырып отыр, деді біздің зерттеушілер. Қазақстан стратегиялық зерт­теулер институтының директоры Б.Сұлтановтың айтуынша, Астана Саммиті ЕҚЫҰ дамуының жаңа бет­терін ашады. “Қазақстан ЕҚЫҰ-ның дамуына үлкен үлес қосты. Біздің Елбасының баста­ма­сымен дипломатиялық лексиконға жаңа терминдер қосылды. Егер бұ­рын Ұйым қызметінің еуроатлан­ти­калық бағыты туралы айтып кел­сек, қазір барлық құжаттарда ЕҚЫҰ-ның еуроатлантикалық және еуразиялық бағыты туралы жазыла бастады”,  деді институт директоры. “Қазіргі Қазақстанның жеңіс­тері мен табыстары жеткілікті.  Алда Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше мем­лекеттер басшыларының қаты­суымен өтетін саммит – осы та­быс­тардың бірі”, деді саясаттану ғы­лымдарының докторы Ю.Булуктаев. Стратегиялық зерттеулер инс­ти­тутының жетекші сарапшылары 56 мемлекеттің басшысы, 60 ха­лықара­лық ұйымның жетекшілері, 500-ге тарта үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері Қазақстанға қа­зіргі алма­ғайып замандағы көкей­кесті мәселе­лерді талқылап, шешім қабылдау қажет болғандықтан ғана келуге ке­лісім берген жоқ, олар Қазақстанның табыстылығы мен тұрақтылығын мойындағаннан да осы басқосуға мүдделі  болып отыр, деді. “Еліміздегі экономикалық және ішкі саяси жағдай соңғы жылдары Кеңес өкіметінің шек­пе­ні­нен шыққан елдерге үлгі болуда. ТМД кеңістігінде жаһандық дағдарыстың зардабын аз тартқан елдің бірі де Қазақстан болды. Рес­публиканың барлық аймағында тұрғын үй құрылысы ғана емес, әлеуметтік нысандар кезегімен бой көтеріп, ескісі жаңғыртылуда. Жолдар салынуда. Қазақстандық билік сыртқы саясатта да таразыға салынған, теңестірілген саясат ұс­тануда. Бұл тек қазақстандық дип­ломатия мен сыртқы саясат­тағы мекемелердің табысы емес, бүкіл халықтың ортақ ауызбіршілігі”,  деді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Ю.Булуктаев. Осындай кәсіби сараптамалық талқылау ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібіне енуі мүмкін гумани­тар­лық ынтымақтастық саласындағы маңызды бағыттарды белгілеуге, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық және адами өлшемдер шеңберін­дегі өзара ықпалдасудың нақты ме­ханизмдерін айқындауға мүм­кіндік береді. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.