• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

“Саммит ТВ” телеарнасы ашылды

407 рет
көрсетілді

Астанада өтетін Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті қарсаңында  “Саммит ТВ” теле­арнасы ашылды. Бұл күндері  әлем назары  Қа­зақ­стан­ға ауып отырғандықтан, елімізде болып жат­қан жаңалықтар ретін дүйім халық осы ар­на­дан біле алады. Кеше түнгі сағат 12-ден басталып, 3 желтоқсанға дейін  эфирге шы­ғатын “Саммит ТВ” “Хабар” агенттігінің спут­никтік жүйеде ақпарат тарататын  “Caspіonet” арнасы арқылы көрсетіледі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымы Саммитіне келген қонақтар, олардың ой-пікірлері, қабылданған ше­шім­дер жайлы толық ақпаратты осы телеарна 24 сағат бойы ағылшын тілінде  таратып отыратын болды. Дайджест ретінде жүретін 10 минөттік  жаңалықтар сағат сайын жаңаланып отырса, күн сайын  кешкі сағат 10-да эфирге арнайы жаңалықтар бюллетені шығады. Оны Джоннотон Ньюэлл жүргізеді. Жаңалықтардан бөлек, арнада сол күннің айтулы сұхбаттары да беріліп,   құлақ құрышын қандырар қазақ классикасы мен эстрадалық әндер  қойылады. Осы арнадан өткен барлық ақпаратты көрермен қауым Онлайн режімінде “Caspіonet” сайтынан көре алады. 25 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жұмыс істейтін, бүкіл оқиға мен жаңалықты  жедел жеткізіп отыратын “Саммит ТВ” еліміздің имиджін қалыптастыруды мақсат етеді. www.caspіonet.kz сайтының жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Енді пайдаланушы­лар арнаны онлайн режімінде көре алады.