• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтары №№ 452, 526

525 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2010 ж. 9.09 №452 «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 7-қосымшада: 23) тармақтағы «бюджеттік» деген сөзден кейін «.» деген белгі «;» белгімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 24) -27) тармақтармен толықтырылсын: «24) ыдыстарда орналасқан: (меншік құқығындағы/жалдау шарты бойынша); 25) жалдау шартының нөмірі; 26) жалдау шартын жасау күні; 27) жалдау шартының қолданыс мерзімі.»; ескерту: бірінші абзацтағы «13» және «23» деген сандар «13)» және «27)» деген сандармен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «2),» деген сан алынып тасталсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көрсетілген этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу, акциздік тауарларды өндіру, жинау (құрамдау) бойынша тіркеу карточкасын берген  кезде 8)-10), 14), 16)-21), 24) тармақтар толтырылмайды.». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы  1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таратылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. ЖӘМІШЕВ. * * * Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 25 қазан №526   Астана қаласы «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.     «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2009 ж., № 6, 345-құжатта (10-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 7, 345-құжатта (11-ден 54-қосымшаға дейін қоса алғанда); 2009 ж., № 8, 345-құжатта (55-тен 82-қосымшаға дейін қоса алғанда) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде: 370- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «370. Негізсіз өсімақыларды, сондай-ақ салық төлеушінің кінәсінен емес өсімақылар сомасын негізсіз есептеуге алып келген салық немесе басқа да міндетті төлемдер сомалары қате немесе дұрыс емес көрсетілсе, салық органының шешімімен, есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлға осы шешімді шығарған күннен екі жұмыс күні ішінде дербес шотта тиісті жазба жасалады, ал көрсетілген салықты, басқа да міндетті төлемдер мен өсiмпұлдардың сомалары түзетіледі.» 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заннамамен белгіленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамсыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Б. Жәмішев * * *