• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2010

Байқау – қуатты қару

405 рет
көрсетілді

Ақмола  об­лыс­тық  СПИД-тің  ал­­дын  алу  ор­та­лы­ғын­­да  замана  зауа­лына  қарсы  бү­­­кіл­әлемдік  кү­рес  кү­нін­­де аймақтық  бай­­­­­қаудың  қоры­тынды­сын  шығару  дәстүрі  қалыптасқан. Оған  жур­налистер, медицина  қызметкерлері, мектеп  оқушы­ла­ры, студенттер  мен  жас­тар  белсене  қатысады. – Жұртшылық  көңілінен  шық­қан  шығармашылық  байқау­дың  мазмұны  мен  сапа  көрсет­кіштері  жыл  санап  артып  келе­ді, - дейді  ор­талық директоры  Ол­жабай  Бай­ғожин. Оған  биыл  Көкшетау  қа­ла­сымен  бірге  Ат­басар, Зеренді  және  Сандықтау  аудандарының  өкілдері  де  қаты­суы  қоғамдық  ой  қорыту  аума­ғы­ның  кеңігендігін  дәлел­дейді. Байқауға  әртүрлі  жанр­­дағы  үш  жүзге  жуық  еңбек  түсті. Олар­ды  са­раптау  қазылар  алқа­сына  оңайға  түспегендігін  айт­қым  келеді. Әйткенмен, жеңімпазсыз  жа­рыс  болмайды. Бұл  жолы  ардагер  журналист  Сайлау  Көш­ке­нов  тағы  да  озды. Оның  баспа­сөз  бетіндегі  өзекті  мақалалары­мен  қа­тар, “Құрбандық” деп ата­латын  әң­гімелер  жинағы  жоғары  баға­ланды. Медицина  қыз­­меткерлері  арасында  облыс­тық саламатты  өмірді  қалып­тастыру  орталығы­ның  дәрігері  Дана  Жанте­міро­ваның  “Ардақты  дос, біз  сенің  қа­сыңдамыз”  топтама  хаттары  жүл­деге  лайық  деп  танылды. Сон­дай-ақ, №4  мек­тептің  6-сы­нып  оқушысы  Таи­сия  Лобанова­ның  плакат­тары, Көкшетау  мед­кол­­­леджінің  студенті  Данияр  Има­­новтың  бейнероликтері, №2 мектеп  мұғалімі  Надежда  Мағ­зұмова­ның  “Қауіпсіздік  марш­ру­ты”  күнделік-эссесі  озып  шықты. Бақберген  АМАЛБЕК, Ақмола  облысы.