• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2010

Келісім кемелденіп келеді

377 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы “Риксос” қонақүйінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен  “Біртұтас экономикалық кеңістік – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты дөңгелек үстел болып өтті. Онда БЭК төңірегіндегі сауалдар мен келісімдер сөз болып, Кеден одағы бойынша соңғы ақпараттар жарияланды. Алдымен Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов Кеден одағына  шолу жасап өтті. Кәрім Мәсімовтен кейін сөз алған бірінші вице-премьер Ө.Шөкеев  Кеден одағының жоғары органы Кеден одағы ко­миссиясы аясында арнайы сарап­та­малық кеңес құрылатындығын жеткізді. Бұл жөнінде әріптес елдермен келісілді, деді ол. Бірінші вице-премьердің айтуынша, са­рап­тамалық кеңес құзыретіне КО құқықтық келісімдері база­сын­дағы шешімдердің сәйкестігі жө­нін­дегі мәселелер бойынша ша­руа­шылық субъектілерінің өтініш­терін қарау кіреді. Сонымен қатар ұйымдастырылған дөңгелек үс­тел­ге қатысып отырған кейбір биз­нес-қауымдастық өкілдерінің аталған кеңеске мүше ретінде ұсы­нылатындығын атап өтті. Кеден одағы аясында жүр­гізіл­ген сауда-саттықтың 9 айдағы қо­ры­тындысы бойынша қазақ­стан­дық өнім экспорты Ресейге 48 пайызға артқан. Бұл көрсеткішке шикізат, өңдеу тауарлары есебінен қол жеткізілген. Ал Беларусь еліне шығарылған мұнай өнімдері, аллюминий есебінен экспорт екі есеге өскен көрінеді. Қазақстан, Беларусь, Ресей елдерін біріктіретін біртұтас эконо­микалық кеңістіктің құқықтық ба­засы 17 негіз қалаушы келісімнен тұрады. Олар тауарлар қозға­лы­сын, қызмет көрсету мен капи­тал­ды реттеп отырады. Келісімдер топ­тамасындағы 4 құжат осы уа­қытқа дейін әбден пысықталып, келісілді. Елбасы тапсырмасына сәйкес 20 құжаттың орнына келген 17 келісімнің 4-еуі БЭК-ке мү­ше мемлекеттер арасындағы қыз­мет көрсету, сауда және инвестиция туралы келісім, өнеркәсіп­тер­ге субсидия берудің ортақ ережелері, келісілген макроэкономика­лық саясат жүргізу, темір жол кө­лігі саласындағы тарифтік саясат­ты қоса алғанда табиғи монополия қызметіне қолжетімділікті рет­теу туралы келісім, үш ел ішінде еңбек етуші мигранттар мен олар­дың отбасы мүшелеріне құ­қық­тық мәртебе беру туралы келісімдерге қол қойылды. Жалпы 17 құжатты 5 бағытқа бөлуге болады. Бұлар – келісілген экономикалық саясат, капиталдың еркін қозғалы­сы, қызмет көрсету түрлерінің еркін ауысып отыруы, БЭК-ке мүше мемлекеттердің инфрақұрылы­мы­на тең қолжетімділік. Дөңгелек үстел барысында Пре­мьер-Министр “Бизнестің жол кар­тасы -2020” аясында кәсіп­орын­дар­ды сауықтыруға бай­ла­ныс­ты жаңа бөлім ашылатынын айт­ты. Бүгін бірыңғай үйлестіру кеңесінің оты­ры­сы өтті. Онда біз кәсіпорын­дарды сауықтыратын жаңа бағдар­лама болуы тиіс деген тұжырым­дамалық шешім қабыл­да­дық, деді ол. Үкімет басшы­сы­ның айтуынша, жаңа бағдарлама толыққанды жа­сақ­талған соң, өз күшіне енбек. Бұл мәселені үйлес­ті­руді Премьер-Министр тікелей өз міндетіне алды. Ал жұмыс ор­га­ны Болат Жәмішев бастаған Қар­жы министрлігі болады, деп атап өтті К.Мәсімов. Венера ТҮГЕЛБАЙ.