• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Саяси серіктестік жаңа белеске көтерілді

445 рет
көрсетілді

Германияның Қазақстандағы жылының аяқталуына орай «Бәйтерек» халықаралық медиа-орта­лығында өткен баспасөз мәслихатында Германияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі  Райнер Ойген Шлагетер екі ел арасындағы саяси серіктестік жаңа белеске көтерілді деп мә­лімдеді. – 2008 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев пен Германия­ның Федералды Президенті Хорс Кё­лер Астанада болған кез­десулерінде екі ел арасын­дағы қа­рым-қатынасты ны­ғай­ту үшін 2009 және 2010 жыл­дарды Германия мен Қа­зақ­­­станның өза­ра тақырып­тық жылдары деп жариялау ту­­ралы шешім қа­был­даған еді. Енді, міне, атқа­рыл­ған істер Қазақстан мен Германия та­­рабын  жақындата түсті. Бұл бір-бірінен бөлек жат­қан жыл­­дар тәрізді емес, қайта бірін бірі жалғастырып әкеткен үн­дескен жылдар болды, – деді Төтенше және өкілетті елші журналистерге. Мұнан соң үстіміздегі жыл­дың ақпан айында Астана­да­ғы Бейбіт­ші­лік және келісім сара­йында Бремен қа­ласының Неміс ка­мералық фи­лар­мониясының кон­­­­­­­­­цер­тімен ашыл­ған Германия­ның Қазақстан­дағы жылы ая­сын­да 100-ден аса түрлі маз­мұн­дағы шаралар өткізілгендігін алға тарт­ты.  Елші сондай-ақ осы жыл ая­сын­да қазақстандықтарды Герма­ния­ның бүгінгі тынысымен та­ныс­тырып, оның мүмкін­дік­те­рі­мен қа­тар, Қазақстан жұртшы­лы­ғын Гер­ма­ния­ның мәдениеті, сая­саты мен эко­но­микасы жайынан кө­бірек мағ­лұмат беруге ұм­тыл­ған­дығын айт­қан. Ал былтырғы жылы Қазақ­станның Гер­ма­ния­дағы жылы­ның нәтижесінде біз­дің елдің адам­дары сіздер жайлы біле түскен болатын, деді ол. «Германия – Қазақстан­да-2010» жылының негізгі ұйым­дас­ты­ру­шылары Федералды Сырт­­­­­­­­қы істер министрлігі мен Гете институты болып табылады. Ал ауқымды бағ­дарламалардың жү­зеге асуына METRO, Cash & Carry, BMW, GAZPROM Ge­r­ma­nia акционерлік қоғамдары демеу­ші­лік көрсетті, деген Райнер Ой­ген Шлагетер сөз кезегін Ал­ма­ты­дағы Гете инсти­ту­тының дирек­то­ры Барбара Френ­кель-Тонетке берді. Елші мырзаның айтқандарына қосыла келе, өткізілген шаралар­дың географиясына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын,  деп бас­тады сөзін ол.  Германияның қо­ғамдық өмірі мен қазіргі за­манғы өнері таныс­ты­рылған шаралар тек Астана және  Алма­ты­мен шектеліп қалған жоқ, олар сон­дай-ақ Семей, Қостанай, Пав­­ло­дар, Тараз, Шымкент, Өскемен, Ақтау, Атырау, Орал, Көкшетау, Қы­зылорда қалаларында да ұй­ым­дастырылды. Германия қазақ­стан­дықтарға Гете, Шиллер, Бет­хо­вен мен Бахтың отаны ретінде қа­лыптасқан дәстүрлі бейнесімен қатар, өнердің сан саласында және кинематографиядағы заманауи мә­дени бағыттарында көріне білді. Осы арқылы Қазақстан жұрт­шылығы кө­ңілдерінде Гер­ма­нияның қазіргі келбетін айшық­тады, екі елдің өнер қай­рат­кер­лері арасындағы ынтымақ­тас­тық беки түсті. Мұнан кейін баспасөз мәс­лихатын өткізушілер журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере келе, біздің қай салада болсын байланыстарымыз бұдан кейін де жалғасын табатынына сенімдіміз. Ал «Германия – Қа­зақ­стан­да-2010» жылы екі ел арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардың өте игі бастамасы болды және Германия Федера­тив­тік Республикасы мен Қазақстан Республикасының саяси серіктестігін жаңа сипатқа көтере білді. Тақырыптық жыл қоғам, эко­но­мика және мәдениет сала­ла­рын­дағы үнқатысудың шынайы ала­ңы болды. Екі ел жұртшылығы бір-бірінің мәдениетін, өнерін ұғыну арқа­сында жақындай түсті. Бұл – негізі мақсат еді, деген баспасөз мәс­лихатын өткізуші германия­лық қо­нақтар жыл ая­ғы­на дейін әлі де бірнеше шараның өткізіле­тін­дігінен хабардар етті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.