• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Асаубаевтар отбасы өз активтерін қайтаруда

542 рет
көрсетілді

AltynGroup Kazakhstan ЖШС құрылтайшылары – Асаубаевтар отбасы Қазақстан, Қырғызстан жә­не Румыния аумақтарында ор­на­ласқан Kazakhgold компания­сының операциялық активтерін са­тып алу жөніндегі үдерісті бас­тады. Еске сала кетсек, Kazakh­gold тобындағы негізгі алтын өн­ді­руші компания «Қазақалтын» кен-металлургия ком­бинаты» АҚ болып табылады. 2009 жылдың тамызында Асаубаевтар отбасы өз акцияла­ры­ның 20 пайызын ресейлік «Полюс-Золото» ААҚ-қа сатқан бола­тын. Қазір отбасы Kazakhgold өн­діріс актив­терінің 100 пайыз ак­циясын сатып алуды және халық­аралық бизнес-алаң­дарда жаңа листинг өткізуді жос­парлауда. «Қа­зақалтын» АҚ экс-президенті Бауыржан Асаубаев­тың айтуына қарағанда, «Полюс-Золото» менеджменті осы жылдың қазан айы­ның аяғына қарай тұй­ыққа тірелген: ресейліктер RTO (ке­рі жұ­тылым) өткізуде дәрменсіз болып шығып, Қазақстанда қандай да бір қызмет жүргізу мүмкін­ді­гі­нен тыс қалған. Өйткені, кейін белгілі болғанындай, алыс-беріс нәти­же­­сінде «Жер қойнауы байлықтары туралы» ҚР Заңының 71-ші бабы (жа­ңа редакцияда бұл аталмыш заң­ның 12-ші бабы) бұрмаланған екен. Ұзаққа созылған келіссөздер нә­тижесінде қазақстандық һәм ресейлік тараптар желтоқсанның басын­да акцияларды оның бас­тап­қы иесі – Асаубаевтар отба­сы­ның сатып алуы туралы келісімге келді. Қар­жы сарапшыларының пайымдауын­ша, бұл қалыптасқан даулы ахуалдан шығудың неғұр­лым оңтайлы, дәлірек айтқанда, бірден-бір жолы болған. Отбасы өзінің акцияларын қай­тарып алу үшін «Полюске» елеулі сома (екі транш 500 миллионнан астам долларды құрайды) төлеуге неліктен келісті деген сұ­раққа Бау­ыржан Асаубаев былай деп жауап берді: «Бір жыл бұрын өз акция­мыздың 20 пайызын сата отырып, биылғы жылы біз Ka­zakh­gold опе­ра­циялық активте­рі­нің 100 пайы­зын сатып алудамыз. Неге екенін түсіндірейін. Өткен жылы әлемдік нарықта алтынның құны троицкілік унция (бір троицкілік унция 31,117 грамға тең) үшін 700 доллар ша­ма­сында бол­ды, ал биыл ол баға екі есе өсіп, қазір шамамен 1400 дол­лар болып отыр». Сондай-ақ ол Полюстің қо­лын­да Kazakhgold қаңқасын ғана қал­дырған қазақ жағы ешқандай үлкен ұтылысқа ұрынбағандығын атап көр­сетті: бұл кезде Лондонда лис­тин­гіленетін Kazakhgold ак­ция­ла­ры­ның бағасы он есе тө­мендеп кеткен. Қазір бір акция бар болғаны төрт доллар тұрады. Олардың құ­ны­ның өсу ықти­мал­дылығы өте аз. Себебі, компания төңірегіндегі кө­леңкелі жайлар оның беделіне нұқ­сан келтірген. Өзінің осы мәселеге байла­ныс­ты көзқарас-пайымын «Қа­зақал­тын» АҚ экс-президенті бы­лай деп түйіндеді: «AltynGroup Kazakhstan даулы мәселенің оңы­нан шешілуіне көмектескені үшін белгілі ресейлік бизнесмен Павел Кротовқа және компанияның бас­қа да кеңесші­ле­ріне өз алғысын білдіреді. Біз бұ­рын өзіміз иелік еткен алтын өндіру жөніндегі ком­панияны, активтер мен кәсіп­орындарды қайта құру жолына бар күш-жігерімізді жұм­сауға ұмтыламыз. Келешекте олар­ды өркендету үшін, қиын шақтарда компанияға адалдығын сақтаған қызметкерлерді жұмыс орында­ры­мен қамтамасыз ету үшін біз менеджмент саласындағы халық­ара­лық санаты биік мамандарды тар­татын боламыз». Қорғанбек АМАНЖОЛ.