• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2010

Сайлауларды байқау тәжірибелерімен бөлісті

430 рет
көрсетілді

Орталық сайлау коми­с­сия­сын­да сайлауларды халықара­лық бай­қау­дың тә­жіри­белік қырларына арналған семинар-тренинг болып өтті. Оған Ор­талық сайлау ко­мис­сия­сының мүше­ле­рі, ЕҚЫҰ Астана­дағы Орталығының, Қа­зақстан Респуб­ли­ка­сы ор­та­лық мемлекеттік ор­ган­дары­ның, министрліктері мен ведом­стволарының өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар ал­дын­­да сөйле­ген сөзінде Орталық сайлау комисиясы төр­аға­сының орынбасары В.Фоос бұл семи­нар­дың ерек­­шелігіне тоқталды. «Бү­гінгі семи­нар-тре­нингтің ерек­шелігі мынада, – деді ол, – біз ха­­лық­аралық байқауды талқыға са­лу­ды емес, тек қазақстандық бай­қаушыларға өз жұмы­сын­да бас­шы­лыққа алуы үшін әдіс­темелік көмек көр­сету мақсатында халық­ара­лық байқаудың тәжі­рибелік қыр­ларына назар аударуды жөн көрдік». Семинар-тренингте ЕҚЫҰ-ның Демо­кра­тия­­лық институттар және адам құқықтары жө­ніндегі  бюросы Сайлау департаментінің бас кеңесшісі Александр Шлык­тың «ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауларын байқау әдіснамасы» атты еңбе­гі­нің тұсаукесері болды.  Сайлау­лар­ды іс жүзінде байқау тәжі­ри­бе­сімен Ор­та­лық сайлау комис­сия­сының мүшелері М.Сәр­­сем­баев, Т.Ох­лопкова, өзге де қаты­сушылар бөлісті. Қатысушылар сайлауларды ха­лықаралық байқаудың ұйым­дас­тырушылық-тәжірибелік және құ­қық­тық қырларын, сайлау үдері­сінің жариялылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз халықаралық бай­қау­шылардың рөлін талқы­лады. Халықаралық ұйымдар миссия­ла­ры­ның құрамында, сондай-ақ сайлау үде­рі­сіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жағ­дай­ын­да сайлауларды халық­ара­лық байқаудың ерекшеліктерін де қарастырды. Сонымен қатар, ха­лықаралық ұйымдардың сайлау­лар­ды байқау жөніндегі миссия­лары­ның құрамына кіретін бай­қау­шылардың кәсіби деңгейін көтеру, Қазақстан  өкілдерінің сай­лауларды байқауға қатысуын жандандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.