• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2010

Кәсіпкер Күлжан

397 рет
көрсетілді

Армандар орындалады, ол үшін ең бастысы мақсат, ерік, шыдамдылық және, әрине, қаражат болуы қажет... Бұны біз Қарқаралы ауданының тұрғыны Күлжан Сапарянқызы Жұма­новадан естіген болатынбыз. Күлжан Көктас ауылының тұрғыны. Ол өз кәсібін 1997 жылы азық-түлік дүкенін ашудан бастаған болатын, бұл дүкенді кейін кеңейткен. Қазіргі таңда бұл дүкенде ауыл тұр­ғындары тұрмысына ең қажетті заттардың барлығын, киім- кешекті де сатып ала алады. Дүкенде осы ауылдың екі тұрғыны сатушы болып жұмыс істейді. – Әрине, осы дүкенді ашқан кезде бойымды күдікті се­зімдер биледі, себебі бұл көп күшті және салымды талап ететін іс. Сіз ауыл тұрғындарының тұрмысын білесіз ғой, артық қаражат ешкімде жоқ, сонымен қатар сататын тауардың үстіне де көп қоя алмайсын. Алайда, осыған қа­рамастан, азға қа­нағат етіп те жақсы жұмыс жасауға бо­ла­ды, бұнда ең бастысы шыдам­ды­лық қажет. Алып қа­рай­тын болсақ, жа­ңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер­дің қатесі неде? Олардың қатесі – бұл олардың өздері салған ақшаны тезірек қайтарып алу мақсатында жоғары бағаны қоятыны, осылайша олар өз клиенттерін жоғалтады, – деп, Күлжан өз тәжірибесімен бөлісті. Шындығында да, ол солай, мы­салы Қазақстанның сауда үйлерінде сатылатын жәй ғана бір киімді алатын болсақ, көбінесе сатушылар оларға 100%-дан астам баға­лар­ды өсіріп қоя­ды. Бұл ретте, Еуропа кәсіпкерлері үшін тауарлардың 20% маржасы өте сәтті болып есептеледі. – Бұдан басқа, өз кәсібімді бастап жатқан уақытта менің алдыма қойған мақсаттарым болатын: балала­рым­ды өсіру, оларға лайықты білім беру, жақ­сы көретін істерімен айналасуға мүмкіншілік туғызу. Қазір құдайға шү­кір менің үш баламның жоғары білімі бар және әрқай­сысы өздерінің істерімен айналысып жатыр, әрине қажет болғанда маған қол ұшын береді, – деп күлімдеді Күлжан. – Қазір біз наубайханамен де айна­лысқалы жатырмыз, бір сөзбен айтсақ, өз ісімізді түрлендіруді ойладық. Әри­не бұл ауылдастардың, былайша айт­қанда клиенттердің өтініштерінен ту­ындаған ой, олардың өтініштерін қа­былдауға және орындауға тырысамын. Наубайхананы жабдықтау үшін Күл­жанға 1 000 000 тең­ге қажет болды, оны ол көп уақыт таба алмай жүрген болатын. – Бұрын жаңалықтарда банктердің қазір жағдайы ауыр деп көп айтушы еді, алайда өзіңнің басыңа түспе­ген­ше, оны түсінбейсің. Қазіргі жағдай­дың қалай болғанын білмеймін, алайда мен қаражат іздеген уақытта банктер маған ешқандай көмек бере ал­мады. Мен оларды түсінемін, себебі өзім де біреуге қарызға ақша беріп, артынан оны қайтарғанша уайымдап отыра­тынмын. Сондықтан, қазіргі жағ­дайды ескеріп банктерде қарыз алушыларға, әсіресе ауыл тұрғын­да­ры­на, қарыз беру талаптарының күшей­тілуі орынды деп санаймын, – дейді Күлжан. Көп әуре-сарсаңды бастан өткіз­геннен кейін, басқа ауданда тұратын Күлжанның таныстары «Бизнес өңірі» жаңа несиелендіру бағдарламасын жүр­гізіп жатқан «Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына баруға кеңес берді. – Мен Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры туралы бұрын да естіген болатынмын, олар шағын несиелер беріп, өз ісімен айналысқысы келген менің таныс­та­рым­ның көбісіне қолдау көрсетті, алайда бұрын олар­дың шағын бизнесті несиелендіру бағ­дарламасы жоқ болатын. Жаңа бағдар­ла­ма туралы естігеннен кейін қуа­нышымда шек болмады, себебі мені ол жерде қабылдайтынын сездім. Ол шынымен де солай болып шықты. Менің жобамды қа­растырғаннан кейін, және менің үлкен кәсіпкерлік тәжі­ри­бемді ескере отырып, Қор маған сыйақы пайызы көп емес, негізгі борыш бойынша «демалыс» бере отырып несие берді, – деп еске алды біздің кейіпкеріміз. Бүгінгі күні, Күлжан наубай­хана­сы бүкіл ауылды нан-тоқаш өнім­де­рімен қамтамасыз етеді, себебі ауылда тек жалғыз осы наубайхана. Өндірісте үш адам жұмыс істейді. – Болашақта басқа кәсіп түрімен де айналысып көргім келеді, естуім бой­ынша Қор шағын фермер қожалық­тарына мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Сыбаға» атты жа­ңа несиелендіру бағдарламасын, өте тиімді шарттар бой­ын­ша енгізуде. Бұл бағдар­ламаның жылдық сыйақы став­касы 6%-дан жоғары болмайды деп естідім, бұл қаржылық қызмет нарығындағы ең төмен сыйақы ставкасы болып та­бы­ла­ды. Осылайша, жуық арада менің дү­кенімнің сөре­лерінде өзім өндірген етті көруге болады, – деп санайды Күлжан. – Бір сөзбен айтқанда, мен Үкімет Қор сияқты даму институттары арқы­лы ауыл тұрғындарына нақты қолдау көрсететініне өте қуаныштымын. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқа­сын­да ауылдарда табысты жұмыс істей бастаған бизнес мы­салдары өте көп. Несиелендіру бағ­дарламалары арқылы үл­кен тас жол­дардың маңында кафелер, шал­ғай­дағы ауыл­дар­да дүкендер, ұста­ха­налар және наубайханалар салынып жатыр.