• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2010

Қазақстан бедел биігінде

544 рет
көрсетілді

Барыс жылы Қазақстан­ға аз бедел әкелмегенін мақ­танышпен айтуға бола­ды. Соның ең негізгісі де жауаптысы – Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымына төраға­лық етуіміз бен 11 жыл бойы үзіліп қалған Ұйым сам­митін қайта жандандыру. Қазақ – ежелден-ақ  бейбітшілік сүйгіштігімен та­ныл­ған халық. Бабалар­дың сара жолын тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан На­зар­баев жалғастыруда. Дана, дара саясаткердің бү­гінгі жа­һандануға бет ал­ған ке­зең­дегі сындарлы саясаты мен мәмілегерлігі  арқа­сын­да Қазақстан көптеген қи­ын­­дықтардан сүрінбей, әлем­дік өркениеттің талаптарына сай келетін сатылардан абы­роймен өтті. Тәуелсіздік ал­ған­нан кейінгі жиырма жыл­ға жуық уақыт ішінде елі­міз­дің өсу үдерісін бесіктегі ба­ла­ның кәмелетке то­лып, ат­қа қонғанымен са­лыстыруға болады. Бұл – қалай алғанда да көп уақыт емес. Алғашқы жылдардағы экономикалық қиындық­тар­дан еңсемізді тү­сірмей, аз жылда адам айтса нанғысыз биіктерге, жетістіктерге қол жеткіздік.  Енді дағ­дарған, алаңдаған  күн­дер артта қа­лып, дамудың даңғыл жо­лына түстік. Өткен бір жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан жан-жақты жұмыстар жүр­гізді. ЕҚЫҰ қойып отыр­ған әскери-саяси, эко­но­ми­ка­лық-экологиялық және адами өлшем мәселе­ле­рі­мен қоса,  бұл ұйымның жұ­мыс ауқымын әлдеқайда кеңейтті. Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ядролық қаруы бар елдерге осы алапат қатерді таратпау идеясын ұсынды. Созылмалы аурудай, сіңірі шыққанша жалғасқан ала­көз­дік, қақтығыс әлемді алаңдатуда. Молдавиядағы, Таулы Қарабақтағы, Ауған­стандағы шиеленістер шешімін табар емес. Көрші ел – Қырғызстандағы жағдай да бейбітшілікке көлеңке түсіріп, мұндағы халықтың күнкөріс жағдайының тө­мен­деуіне әкелді. Осы мә­се­лелердің барлығын Қа­зақ­стан алғашқылардың бірі болып көтеріп, достық қо­лын, ниетін, көмегін көр­сетуде. Төраға ретіндегі мәр­тебесін, мәмілегерлігін осылай айқындады, өзге елдердің алдындағы беделіміз артты. Еліміз ЕҚЫҰ-ға өз төр­ағалығын   Сенім, Дәстүр, Ашықтық, Төзімділік ұран­дарын насихаттаудан бастап, 11 жыл бойы өтпеген Ұйым Саммитін ұйым­дас­ты­румен тәмамдағалы отыр. Біздің еліміздің бас­та­масы­мен өткен бұл Сам­миттің әлемдік саясатқа да, Қазақ­станға да берері мол бол­ғаны даусыз.  Өйткені, бұл әлемдік басқосу Қазақ­стан­ның халықаралық беделін, Мемлекет басшысының бей­бітшілікті нығайту жо­лын­дағы ерен еңбегі мой­ындалғандығын айғақтады. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделі, Отаны­мыз­дың тәуелсіздік жылда­рын­дағы әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық және саяси жетістіктері барша адамзаттың на­зарына осылай ұсынылды. Мұның барлығы Қазақ­стан­ның халықаралық та­ны­малдылығын арттырып, түрлі бағыттардағы әлеуе­тін баршаға паш етті. Бұл саммит елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамта­масыз етуге, тәуелсіздікті нығайтуға үлес қосқанына күмән жоқ. Гүлжиян СҮЛЕЙМЕНОВА, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы. Алматы облысы.