• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2010

«Нұр Отан»: жемқорлықтың алдын алу жолдары жетілдірілуде

433 рет
көрсетілді

Қоғамдық қатерлі дерт – жемқор­лық­ты жою мемлекеттік саясаттың басты мақсатына айналып, бұл бағытта бір­қатар ықпалды іс-шаралар жүргі­зі­луде. «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тиялық партиясының Алматы қалалық филиалы қоғамдық кеңесінің жақында өткен мәжілісі де осы сыбайлас жем­қор­лықпен күрес мәселесіне арналды. Бір құптарлығы, қоғамдық кеңес өз жұ­мысында қалада сыбайлас жем­қор­лық­қа қатысты құқық бұзушылықтарды анық­тауда және оның алдын алуда іскерлік танытуда. Еліміздегі ең ірі шаһар – Алматыда қылмыстың бұл түрімен кү­рес­тің сапасын жақсарту мақсатында қа­ладағы аудандар ахуалы бақылауға алы­нып, аудан әкімдерінің есебін қо­ғам­дық кеңесте тыңдау туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде қоғамдық кеңес­тің отырысында Түрксіб ауданының әкі­мі Владимир Устюговтің сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты құқық бұзушылық­тар­ды анықтау, оның алдын алу және жою жолдары туралы баяндамасы тың­дал­ды. Әкімнің айтуынша, жемқор­лық­қа қарсы заңнаманың орындалуы ау­дан­ның мемлекеттік органдарында тоқсан сайын са­рапталады». «Қазіргі кезде ау­дан­ның мемлекеттік органдарында «Сенім теле­фоны» жұмыс істейді. Өткен уа­қыт ішінде 200-ден астам адам қоңы­рау шалған. Аудан тұрғындарын алаң­да­татын мәсе­лелер арасында әлеуметтік жағ­дайлар, яғни бүлдіршіндерді бала­бақ­шаға орна­лас­ты­рудың қиындығы, орта мектептердегі оқу-тәрбие жұмыс­та­рының деңгейін жақ­сарту, кәсіпкерлік қызметке қажетті құ­жат­тарды алуға қа­тыс­ты өтініштер бар» дейді Владимир Устюгов. Қоғамдық кеңес жұмысының өзегіне айналып отырған аудандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне келсек, аудан аумағына бұл сипаттағы қылмыс­тық әрекеттер жат емес. Мәселен, Түрк­сіб аудандық прокуратурасы жемқор­лық­қа қарсы заңнаманы қолдануға байланысты биыл 28 тексеру жүргізген, онда 108 заң бұзушылық анықталған. Түрксіб ауданында сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрес қарқынды әрі тиімді атқарылуда деп айту әлі ертерек. Бұл тұжырымды жемқорлық қыл­мыс­тар жөніндегі статистикалық мәлі­мет­тер толық дәлелдейді. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Амангелді Кәри­мо­линнің пікірінше, «жемқорлыққа бай­ла­нысты көріністерге бей-жай қара­­май, оған тосқауыл қоюдың қажеттілігі зор және мұның өзі бір ауданға ғана емес, тұ­тастай қалаға да қатысты. Біздің басты міндетіміз – көлеңкелі оқиғаларға жол бермей, оның алдын алу». Келешекте қаладағы өзге аудандар әкім­де­рінің де есебі тыңдалмақ. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.