• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2010

Сахнаның саялы «бәйтерегі»

732 рет
көрсетілді

Жақында Бейбітшілік және келісім сарайында алғашқы көрсетілімі өткен «Бәйтерек» балетінің музыкасын жаз­ған композитор – Канада музыкалық орталығының мүшесі Әділ Бестібаев, қоюшы-балетмейстері – Ресей президенті сыйлығының лауреаты, Санкт-Петербургтегі Римский-Корсаков атындағы консерваторияның опера және балет театрының бас балетмейстері Давид Авдыш, ал қоюшы-суретшісі – Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сергей Окунев. Балетке тер төккен тағы да санктпетербургтік костюм бо­йын­ша суретшілер Петр Окунев пен Ольга Шаишмелашвилиді, қою­шы-дири­жер Айдар Абжа­ха­нов­ты, балетмейстер көмек­ші­лері Қазақ­станның ең­бек сіңір­ген қайраткері Ғалия Бөрі­баева мен ресейлік Юлия Пота­по­ваны, жарық бо­йын­ша суретші Ре­сей­дің еңбек сіңір­ген мәдениет қай­раткері Евгений Ганзбургті, сон­дай-ақ К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры­ның сим­фо­ниялық оркестрі мен балет труп­пасының әр­тістерін қоссақ, қойы­лым­ға қан­шама күш жұмсал­ғанын, қанша­ма адам жұмылғанын бағам­дау қиын емес. Байқауда ең үздік балет но­минациясы бойынша бас жүл­дені иеленген композитор Әділ Бестібаев бауырымыздың бүгінде Ка­на­­да­ның Ванкувер қа­ла­сында тұ­раты­нын, КСРО ха­лық әртісі, Мем­лекеттік сыйлық­тың лауреа­ты, профессор Ғазиза Жұбанова­ның шәкірті екенін жұртшылық жақсы біледі. Мұны қайталап ай­тып жатқымыз келмейді, біздің мақ­сатымыз – шетелде тұратын қандасымыздың туған жерге деген сағыныш сазы­ның сарқыл­мас са­ры­нымен ұлттық балетке «Бәй­­терек» сынды тың туынды келіп қосылғандығын жеткізу ғана. «Бәйтерек» – Қазақ елі тәуел­сіздігінің символы іспеттес ұғым. Ол әдебиет пен өнер туынды­ла­рын­дағы шаттық жырына арқау болуда. Өзі қаншалық биік, сая­сы­нан қан­шама ұлт пен ұлыс құт­ты қонысын тауып жатса, ол туралы көр­кем бейнелер де сон­ша­лық кес­телі, кеңіс­тікпен ұш­та­са ұлық­та­ла­тын Ұлы Даланың кейіп­керлері. Олар балет өнерін­де байыпты кө­рі­ніспен баян­да­лып, көз арбар түр­лі-түсті бояумен көрерменді баурап әкетті. Сах­на­лық кей туын­дылар бір көргеннен кейін көңіл көгінен тез ұмытылып қалып жа­тады. Ал, «Бәйтерек» балеті адам­ды жалық­тыр­майды. Әр сурет, әр көрініс бір-бірімен емін-еркін қа­бысып, бірі­нің ойын екіншісі әр­мен қарай қа­пысыз ұштас­ты­рып, мүсіншінің әр елге сая­хатын­да көрген қызық­та­ры­мен, қым-қиғаш оқиғалары­мен тамсанта табысты­рып отыра­ды. Бай декорация, кіршіксіз киім үлгі­лері балет туынды­сының әлем­дік деңгейдегі сахна­лық шығар­ма­­лар­мен терезесінің теңе­суіне ық­пал етеді. Бұрын ұлт­тық балетіміз жоқ­қа тән, болмаса жоғары деңгей­ге шықпай жатыр деп көңілді көлеңке үйіріп келсе, осы туын­ды­дан кейін қазақ балеті де әжептәуір биікке қол жеткізе бас­тағанына иман­дай илана­сыз. Қо­йылым ал­дын­да композитор Әділ Бестібаев пен К.Байсейітова атындағы Ұлт­тық опера және балет театрының дирек­торы Төлеу­бек Әл­пиев БАҚ өкіл­дері та­ра­пы­нан қо­йыл­ған сұ­рақ­тарға жауап берді. «Тәуел­­сіздік толғауы» та­­қы­рыбына бай­ла­нысты байқау жа­рия­ланған соң, қазіргі өміріміз ту­ралы балет жазып, осы бәйгеге алыс­­тан азамат­тық үн қо­су­­ды перзенттік парыз санадым. Бү­гінгі өмірдің шынайы бейнесін көр­сете білу үшін өткен тарихыңа, кешегі ке­зең­ге ат басын тіремеу мүм­кін емес. Сол үшін кешегі шақ­қа біршама сапар шектім. Мұ­ның бәрі мүсіншінің жан күйзе­лісі ар­қылы тарқатылып жатты. Ол жер шарын түгел шарлап шық­қан­дай еді. Бі­рақ шығармасына ша­быт шақырар шын бақыт өзі­нің табаны­ның ас­тын­да жатқа­нын соңында пайым­дайды. Ту­ған жерде махаббат тұ­ғы­рын кө­те­реді. Осынау балеттің әуелі қа­зақ сах­на­сында қойылып жат­­қанына қуа­ныштымын» деп ком­­позитор шы­ғарма желісіне тоқ­тал­са, Төлеу­бек Әлпиев: «Маған Уфа мен Ом­бы­да тұратын қан­дас бауыр­лары­мыз телефон со­ғып, «жа­­­ңа­дан «Бәй­терек» балеті дү­ние­­ге келгенін естіп қуанып жа­тыр­­мыз. Бізге оны қашан әке­ліп көрсете­сіз­дер?» деп қолқа са­лып жатыр. Сон­дықтан мен «Бәй­те­рек» балеті­нің тұсау­ке­серін үлкен тарихи оқиға деп есеп­теймін. Ел­басы­ның тап­сыр­ма­сы бойынша өт­кен жылы Мә­де­ниет министрлігі «Тәуел­сіздік тол­ғауы» атты байқау өткізген бола­тын. Сонда өз басым осы бәйгеге оншақты опера, дәл сондай балет жазылғанына куә бол­дым. Алмас Серкебаев опера номи­на­циясынан бас жүлдені еншілесе, балеттен Әділ Бесті­баев­тың бағы жанған. Бір қы­зығы, балет идея­сының ав­торы Мәде­ниет министрі Мұх­тар Құл-Мұ­хам­медтің өзі бола­тын. Ал, тікелей «Бәйтерекке» келсек, ол бұрынғы балет туынды­лары­нан мүл­де бө­лек рухта жазылған. Одан тәуел­сіз­дік рухы менмұн­далайды. Бөгде елге кетіп қалған мүсінші Ис­па­нияны, Араб елін, Үнді­стан­ды, Қы­тайды кезіп, олар­дан қыл­қала­мы­на шабыт тап­пай, атамекенге табан тірейді. Бұл бір жағынан, Әділ бауыры­мыздың өзі­­нің прототипі тәрізді. Туған жерін сағын­байтын адам жоқ. Туған жұр­тын сүй­­мейтін пер­зент жоқ» деп тү­йін­деген сөзін. Екі актіден тұратын балет Мү­сінші қиялымен қиырларды кез­­діреді. Басты бейнені сом­даған Та­йыр Гатауов жас та болса осы­нау күрделі тұлғаны кем-кетіксіз, шы­на­йы қимыл-әре­кетпен орындады. Әсі­ресе, оның әлемнің талай елін аралап, атамекенге оралған сәтін­дегі шиыр­шық үстінде толғанған бейнесі домбыра үнімен сәтті үн­десіп кетті. Қазақтың қара домбы­ра­сының қо­ңыр әуезі, испан, үнді, араб му­зыкаларынан кейінгі жал­қы үн жан жайлауын жайлап алар еді. Балеттің басталуы мен қоры­тынды түйінде қазақ әуені­нің әуе­леп оты­руы түбі­ріңді тү­гендетеді. Клас­си­ка­лық шы­ғар­ма­дан төл му­зы­ка­ның төбе көр­сетіп отыруы ай­н­ымас ұс­та­ным болу­ға тиіс. «Бәй­те­рек» ба­леті­нің мазмұны осы идея­­ға тия­нақ­­талады. Мүсінші қиялында кө­не заман ке­йіпкер­лерінің сұлбасы пайда болып, олар аңыз құсы – Са­мұрық пен мәң­­гілік дарағы – Бәй­теректі кү­зеткен жауын­гер­­лер бейнесінде кө­рі­неді. Шығар­маш­­ылық адамы­ның күнде­лік­ті тірлігі қа­шан­­да тың түр мен мағына іздеумен өрі­ліп жатады. Саз бал­шықтан мү­сін қалауға кіріскен кезіндегі сурет мүлтіксіз бедерленіп, ақ кенеп­тің астынан кесек кескін­дердің өмір­­дегідей наным­ды сезілуі бале­ттің көркемдік маз­мұнын арт­тыр­ған. Ұш­­қыр қиялмен құйылған қыз бейнесі Тәлімгер тарапынан да оң баға­сын алады деген үмітпен қа­рай­ды­­ Мүсінші. Бірақ өмір өткел­дері қарама-қайшылықсыз бола ма? Тәлімгер бастап келген сын­шылар Мүсінші жұмысын өзекті деп таппай, қабылдамай тастай­ды.­­ Оның сондағы ашу кернеген на­за­лы үні тым әсерлі еді. Ұй­қысыз өт­кен түндер мен күлкісіз күн­дерде жан-дүниесін азапта­ған алапат се­зім­нің алауын енді немен ба­сарын білмей әлек. Тек қия­лында самға­ған Са­мұ­рық құс қана оған рухани күш бергендей. Оны тұн­шық­ты­рып алуға бол­майды. Құс сурет­кер­дің қанаты тәрізді. Осы қанатты желпіп, ша­рықтауға ерік сыйлар шабыттың ша­ңы көрінбей жан қиналады. Қа­ла осы сәт ты­ныштық құша­ғына енген. Ай­нала­сын тіреусіз айналар қор­шап ал­ған. Мүсінші шарқ ұрып, әлгі айналардан бейнесін іздеп, арғы беттен өзіне тіптен беймәлім әлемді көзі шалады. Осы арада Қытайдың қол­ша­тыр сату­шы­сын сомдаған Жан­­­­әділ Бейсенбиев, үн­ді тәңірін ой­наған Элдар Сәрсен­баев, шығыс аруын билеген Әй­герім Бекетаева шеберлігін айта кет­кен жөн. Әлем­нің әр алуан үні­не еріксіз еріп кете барасыз. Мү­сін­ші ара­лаған елдері­нің бәрінен өзі­нің ата-бабалары­ның мәдени ескерткіштерін таба­ды. Мұн­­шама бай мұраға ие Қазақ елінің бола­шағы күндей жарық екеніне көзі жеткен оның ақыр соңында туған топырақтан асыл дүниеде еш­теңе жоқ­тығын сезінуі шығар­ма­ның шы­­­­ңы іспетті. Төртін­ші көрініс­те Тә­лімгер Мү­сін­шіні алып торға қа­­мап, рухын әлсіз­ден­діруге ты­ры­­сып ба­ға­ды. Бірақ Отан деген қара ормандай қалың жұртың тұр­ғанда рухтың жаншылуы, ерік-жігердің езілуі мүм­кін емес еді. Екінші актіде бақытты бал дәурен шақтың бал­ғын үні мен балауса бояуы төр­ге озады. Тәуелсіз елдің бал­ғын­дарын көрген­де жас шебер шексіз сүйсініп, өзінің бір кездергі балапан қалпы еске түседі. Аңса­ған ар­маны қол созым-ақ жердегі соқ­пақ екен. Әсіресе, әсем шаһар тұрғы­зып жатқан құры­лыс­шылар жүзі шат-шадыман. Арулар жүр жиекке шыбық шаншып. Сол шы­бықтар біртіндеп алып бәй­терек­ке айна­лып, күні ертең саясы­на сан­сыз жұрт тынығарын сезердей. Мү­сінші қиялындағы көрікті ару тұп-тура алдынан шыққанын қара. Арман қала дегені алға қойған мақ­саты орындалар өз ошағы екен ғой. Адам тағдыры да бәйтерек секілді. Тамыры тереңге жайыл­ған сайын ақыл-ой кемелденеді. Мүсін­ші ұқ­қан бір ақиқат осы болса, екіншісі – болашақтың қа­ла­с­ында тамыр жа­йып, өсіп-өр­кен­деуге бекінеді. Сах­на­ның «Бәй­­­терегі» келешекке кемел ой ор­нық­тырған осы идея­сымен мәңгі биік болып қала бермек. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ. _______________________ Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.