• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Желтоқсан, 2010

Саммитке қатысушылар лебізі

338 рет
көрсетілді

Марио НОБИЛО, Хорватия Республикасының өкілі: – Астана – ғажайып қала. Әсіресе, осындай қыс кезінде шынында да тамаша көрінеді екен. Біздің сапарымыз жылдың осы мезгіліне дөп келгеніне қуанамыз. Бұл қала қайталанбас архитектуралық көрі­ні­сімен керемет сезімге бөледі. Мен Астана тұрғындарына бар жақсылықты тілеймін. Ал Қазақстан тарапынан ұйым­дас­тырылған Саммит бүкіл әлем үшін ерекше маңызды жағдай екендігін атап өтпекпін. * * * Мохаммад Анвар АНВАРЗАЙ, БҰҰ-ның Ауғанстан СІМ халықаралық конференциясы департаментінің директоры: –  Мен осынау ұлы жиынға қатысушы ретінде Қазақстан Президентіне, Сыртқы істер министрлігіне шынайы алғысымды білдіремін. Олар бұрын-соңды  кездеспеген қонақ­жайлық көрсетті. Мен Астанаға ға­шық болып қалдым. Салынғанына он жыл болған бұл жаңа қала өзінің ерекше көрініс-келбетімен қайран қалдырды. * * * Аида ЭЙВАЗОВА, Қазақстан және Орталық Азия бойынша тілші: – Өнер ұлттық университетінің ғимара­тын­да орналасқан баспасөз орталығында журналистер үшін барлық жағдай жасалған, қандай да бір проблема кездеспеді. Мұнда БАҚ өкіл­дерінің жұмыс істеуіне қажетті нанотехно­логияның көптеген түрлері орнатылған. Әріп­тесіміз Мартин Сиф Қазақстанға Вашингтоннан алғаш рет келіпті. Оның айтуынша, ол қазақ­тың қазы-қартасынан дәм татып, қазақ­стандықтардың қонақжайлығын барынша сезінген. * * * САЙНМАРК, Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі арнайы өкіл (Финляндия): – Қазақстанда өтіп отырған ЕҚЫҰ Саммитіне қатысқаным мен үшін үлкен мәртебе. Біз мұнда әлемде қауіпсіздікті қам­­тамасыз ету мәселелерімен қатар, басқа да көптеген проблемаларды сөйлеу­ші­лердің өз ауыздарынан естідік. Көптеген саясаткерлер атап көрсеткендей, араға он бір жыл сал­ған Астана Саммиті аса жо­ғары дең­гейде өтті. Онда талқыланған мә­селе­лер әлемдік қоғамдастық үшін қажет. Еліме барғанда алған әсерімді, қазақ хал­қының шынайы қонақжайлығын айтып беретін боламын.