• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Дүбірге толы дүние

435 рет
көрсетілді

ҚЫРҒЫЗСТАН: КОАЛИЦИЯЛЫҚ ҮКІМЕТ ҚҰРЫЛДЫ Жұрттың күткені жүзеге асты: ақыры Қырғызстанның үкіметі құрылды. Көп адамның көңілінде ұзағынан сүйіндірсін деген тілек жүр. Бұл ел экономикалық-әлеуметтік қиын­дықтан ғана емес, саяси дағдарыстан, билік дағдарысынан да әбден қажыған еді. Парламентке кірген партиялар ел­­­дегі саяси күш­тер­дің, топ­тардың мүд­­десін қорғай­ды. Кү­ні кеше қыр­қысқан күш­тердің басын қо­су қиын­ның қиы­ны. Осы үкімет құру бары­сында ол ай­қын көрінді. Мүдделері жа­­қын­дау деген үш партия: СДП, «Ата­мекен» және «Республика» пар­тия­ларының коалиция құру жө­нін­дегі алғашқы қадамдары сәт­сіз аяқталды. Көп адамның пікірінше, бұ­дан кейін үкімет құрудың мүм­кін­дігі жоқ­тай көрінген. Ал үкі­мет құ­рылмаса қайта сайлау өт­кізу керек. Ол дегеніңіз саяси күш­­тердің, олар­дың соңынан ерген халықтың қайта қарсыласуы, бәлкім, қайта қырқы­суы, қайта­дан алашапқын арпалыс. Оған жет­кізбеу керек. Соны жұрт­тың бәрінен де көп ойлаған Роза Отун­баева болар. Үкімет құруды «Республика» пар­­тия­сы­ның серкесі Өмірбек Ба­бановқа ұсыну да біраз адам үшін тосын да негізсіздеу көрін­ген. Енді бұл ұсыныс бес партия­ның ал­дың­ғыларына берілмей, ман­дат­тары бо­йынша төртінші орын­­да­ғы­сына берілуі де такти­калық тұр­ғы­да көре­гендік болды-ау дей­сің. «Мық­ты­лар» бір-біріне көне қоймайды, екін­шісінің ал­дында кі­ші­рейгісі келмейді. Сонда ара­аға­йындыққа «кіші» жүрсе, келі­сім­нің жолы ашы­луы мүмкін­дігін президент дөп бас­­ты деуіміз керек. Жаңа үкі­мет­ті социал-де­мо­кра­тия­лық партия­ның серкесі Ал­мазбек Атам­баев бас­қа­­рады. Ол бұл қыз­метте бұ­рын да, президент Қ.Бакиевтің кезінде де болған, онымен келісе алмай, босаған. Парламентте ең орны көп «Ата­жұрт» партия­сының өкілі Ахматбек Келдібековке сол пар­ла­менттің спикерлігі тиді. Үкі­меттік коали­ция­ның баста­ма­шысы Өмірбек Бабановтың вице-премьерлік қызметке қа­­на­ғат еткенін де бағалаған жөн шығар. Баста­машы менмін, маған да ең жоғары қызмет тиюі керек десе, келісімнің ауылы алыс қонар еді. Жалпы, коалицияға кірген пар­­тия­ларға қызмет жетерліктей. Үш вице-премьер, тағы да сол лауа­зым дең­гейін­дегі Ош пен Жала­ла­бадты қалпына келтіру жө­нін­дегі мемлекеттік дирек­ция­ның жетекшісі, үкі­мет аппараты­ның жетекшісі, сон­дай-ақ 18 министр мен сол деңгей­дегі мемлекеттік коми­тет­­тің басшы­сы қызметтерін бөлі­сер бол­са, партиялар қызметке қа­рық бола­тын сыңайлы. Басқалар, сырт қалған партиялар үкіметтің мұндай құры­лы­мына қалай қарайды дейсің. Сын айтатын­дар жетіп артылады. Бұ­рынғы уақыт­ша үкіметте вице-премьер болған Әзімбек Бекназаров жаңа үкімет сапында бұрын­ғы екі президентпен істес бол­ған­дардың барлығын сына­ды, бү­­гінге дейінгі уақытша техни­ка­лық үкі­мет­тен біраз адамды жаңа құрамға кіргізу де керек еді деген пікір айтты. Жаны бар сөз-ау дейсің. «Ар-намыс» пар­тия­сы­ның көсемі Феликс Кулов оппо­зи­­ция­ға кететінін мәлімдеді. Бі­рақ олар үкімет­тің игілікті істерін қолдай­тын, реті келген жерінде көмегін аямайтын оппозиция болмақ. Қыр­ғызстан ата заңының атасы сана­латын «Ата­мекен» партиясы­ның көсемі Өмірбек Текебаевтың  пози­ция­сы белгісіздеу. Коали­цияға кірмегенмен, оны радикалды оппози­цияға шы­ғады деуге де болмайтындай. БЕЛОРУССИЯ: ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – ЛУКАШЕНКО Елде президент сайлауы өтті. Басқа жерлердегідей емес, сайлаушылардың дауысы түнімен саналып бітіп, таңертең қорытындысы жарияланды. Дауыс беруге сайлаушылардың 90,66 пайызы қатысқан, қазіргі президент Александр Лукашен­коны дауыс бергендердің 79,67 пайызы қолдаған. Бұдан халық­тың белсенділігі де ерек­­­ше жоғары бол­ға­нын, өз басшы­лары­на сенімдері де жо­ғары еке­­нін аңғара­сың. Әри­­не, бұл жер­де кел­тірілген цифр­лардың қан­ша­лық­ты шындыққа келетініне назар аудар­ған жөн-ау. Сірә, ха­лық­­тың белсенділігіне көп күмән келтіріле қоймас. Ал дауыс беруде, оны са­науда бұрмалаушылыққа жол берілді деу де көңілге қона бермейді. Сайлау оппозиция өкілдерінің, қо­ғам­­­дық, шетелдік, халықаралық ұйым­дар бай­қау­шыларының қаты­суымен өтті. Алдександр Лукашенко сайлау науқанын осы сайлау қар­саңында ғана емес, өзі президент болғалы бе­рі жүргізіп келеді. Ісімен де, сөзі­­мен де. Бұл – оның басқа­лар­дан үлкен ар­тықшылығы. Бұл үшін оны жаз­ғыра алмайсың. Кейде артық кетеді, кейде кем соғып жатады. Қалай бол­ғанда да, халық оны сонысымен ба­ға­лайды. Рас, соңғы кезде ол өзінің сайлау нау­қанына біршама тұздық қосты – Ресейге тиісті, оның бас­шы­ларына тиісті. Тиіскенде, өз елі­нің егемендігін, халқының намысын ал­ға тосты. Бұл сайлаушыларға үл­кен әсер еткенін айтқан жөн. Осы жерде Ресей басшылары мен бұл елдің ақпарат құралдары да Лукашенконың атына біраз ғай­бат сөз айтып, оның аяғынан шалу ор­нына, оған мықтап қыз­мет көр­сет­ті, насихат жұмысын жүр­гізді дер едік. Кейбір жетесіздер болмаса, басқа­лар­­дың өз елі­нің бас­­шы­??? ????? ???сын сынап жат­­­­қанда, ха­лық­­­­тың басым көп­ші­лігі көңілі­мен оған ара түсе­ді, өз бас­шысын қол­дай­ды. Осы­лай­ша Лу­ка­шенко сайлау алдында өзін сынау­шылар арқасында көптеген қолдау­шылар тапты. 79,67 пайызда олардың қомақты үлесі бар. Президент Лукашенконың қар­сыластары туралы мұны ай­та ал­май­сың. Ең алдымен, оп­по­зи­­ция­ның басы бі­рікпей, әр партия өз жа­бы­ла­рын бәйгеге қос­қан­да-ақ же­ңістің кімге бұйыратыны айқын болған. Жалпы, бұл елде қа­зіргі президентке бәсекелес болған­дай тұл­ғалы қайрат­кер аңғарыла қой­майды. Әсіресе, осы сайлауда оған оппонент болғандар­дың арасында ондайлар жоқ. Айта­лық, науқанға алғашқылардың бірі болып ай­қай­лап қосылған Владимир Никляев­тің сыр­наймен өлең айтып үгіт жүр­гізгенінен-ақ алысқа бармай­ты­­нын жұрт білген. Сайлаушылардың оған 1,77 па­йызы ғана дауыс берсе, оның одан артыққа үміт етуі де артық еді. Басқалардың да үлесін айтайық: ең көп дауыс жинаған А.Санников – 2,56, Я.Романчук – 1,97, Г.Костусев – 1,97, А.Михалевич – 1,2, В.Ры­машевский – 1,1, Б.Терещенко – 1,08, Н.Статкевич – 1,04, Д.Усс – 0,48 па­йыз. Олардың ешқайсысы да Лу­кашенконың шаңын көрмей қалған. Оның есесіне олар сайлаудан кейін оның қорытындысы шықпай жа­тып, өз жақтастарын митингіге алып шықты. Не үшін? Сайлаудың бұрма­ланғаны үшін бе, жоқ, Лу­ка­шен­ко­ның жеңгені, оған халықтың көп дауыс бергені үшін бе? Олар сайлау ко­миссиясы ғимаратының есік-терезесін қиратты, үкімет үйіне шабуыл жа­сап, оған тас лақтырды. Бұл әре­кет­тері үшін олар милициядан таяқ жеп, біраз адам, оның ішінде үміт­кер­лер де бар, қамауға алынды. Кім айыпты? Оны ертең­дері анықтай жатар. Лукашенко жеңіске жетті. Халықтың қалағаны – сол. Бұл үшін халықты айыптай алмайсың. Мамадияр ЖАҚЫП.