• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

“Ақбота” марафоны халықаралық жобаларға жол ашпақ

1859 рет
көрсетілді

Астана қаласында өткен Еу­ро­падағы қауіпсіздік пен ын­тымақ­тастық ұйымының Саммитін ин­тел­лектуалдық “Ақ­бота” марафо­нына қатысушылар өзіндік тартумен қарсы алды. Республиканың жалпы білім беретін мектеп­тері­нің алтыншы, жетінші және се­гізінші сыныптарының оқушы­ла­ры Алматы қаласында өткен “Ақ­бота” марафонында қазақ және орыс тілі, математика, биология, физика және химия пәндерінен сайысқа түсті. “Ақбота” марафоны қорытын­дысында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орта­лығы­ның Астана қаласындағы 41 мек­те­бінің оқушылары өзгелерден басым түсті. Сөйтіп, астаналық оқушылар 96 жүлделі орынды жеңіп алды. “Ақбота” марафо­ны­ның жеңімпаздарына Алматы­да­ғы “Тау күні” балалар лагеріне жол­дама берілді. “Жақсының жақ­сылығын айт, нұры тасысын” демекші, бұл орайда білімге деген ерекше құштарлығымен, дарын­ды­лығымен және қабілет-қары­мы­мен ерекшеленген Астана қа­ла­­сын­дағы №2 гимназияның 9-сынып оқушысы Санат Сейітовтің есімін атап айтқан жөн. Санат география пәні бойын­ша өткен сайыста 10-сыныпқа арналған бағдарлама бойынша тапсырмаларды жоғары талапқа сай мүлтіксіз орындап, үздік шық­ты. Сонымен қатар, астана­лық Артем Миронюк (№2 гимназия), Әсел Бұлаш, Амангелді Темірбек, Гүлсезім Мұхитбек (“Зерде” мектебі) және Жәния Диханбай (№54 мектеп-лицей) сияқты оқушы­лар­дың сайысқа үлкен дайындықпен келіп, жеңіске жетуі көп нәрседен хабар берсе керек. Сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жәйт, республикалық ин­теллектуалдық “Ақбота” мара­фоны елімізде алғаш рет 2002 жы­лы ұйымдастырылған бола­тын. Сала мамандарының айтуын­­ша, жоғары сынып оқушылары ара­сында қабілеттілер мен дарын­дыларды анықтайтын ауқымды іс-шара жұмысы уақыт өткен сайын жетілдіре түсуде. Ең бастысы, “Ақ­бота” жасөспірімдерге халық­ара­лық ірі жобаларға жол ашпақ. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы. ______________________ Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.