• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1391

406 рет
көрсетілді

2010 жылғы 21 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. ___________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1391 қаулысымен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы 1. Осы Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және фильмге прокаттау куәлігін беру (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) тәртібін белгілейді. 2.         Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілген) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Фильмдер тізілімі) тіркеледі. 3.         Фильмге прокаттау куәлігі – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат. 4.         Прокаттау куәлігін мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) өзі бекітетін нысан бойынша береді. 5.         Прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) уәкілетті орган басшысының атына өтініш. Өтініште міндетті түрде төмендегі мәліметтер көрсетілуі тиіс: фильмнің атауы; фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы; фильмді шығарған ел; фильмді шығарушы-студия; фильмнің шыққан жылы; фильмнің форматы; фильмнің хронометражы; фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық шығарманың авторы); фильм серияларының саны; фильмнің жанры; фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар болған жағдайда); шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат; өтініш берушінің деректемелері (заңды мекенжайы, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және күні; жеке тұлға үшін – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) нөмірі және күні); өтініш берген күні; 2) өтініш берушінің филъмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттары (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келісімдердің көшірмелері); шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі; 3) фильмге көрермендердің жас шегін анықтау үшін барлық көріністерін суреттей отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы; 4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтер. 6.           Прокаттау куәлігін алуға өтініш уәкілетті органға түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарауға жатады. 7.           Прокаттау куәлігін беру туралы шешім уәкілетті адамның бұйрығы түрінде ресімделеді. 8.    Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге уәкілетті адам қол қойған, мөрмен бекітілген прокаттау куәлігін береді. 9.   Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден жазбаша түрде мынадай негіздер бойынша: 1)            өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе; 2)         өтініш беруші осы Қағиданың 5-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе. Құжаттардың толық еместігі (оның ішінде міндетті жолдарының толтырылмауы) фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша, дәлелді түрде бас тартады; 3)         фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда бас тартуы мүмкін. 10.       Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде прокаттау куәлігін бермеген немесе прокаттау куәлігін беруден дәлелдеп бас тартпаған жағдайда оларды беру мерзімі өткен күннен бастап прокаттау куәлігі берілді деп есептеледі. Уәкілетті орган прокаттау куәлігін беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті прокаттау куәлігін береді. 11.   Прокаттау куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген мерзімде жазбаша сұранысы бойынша өтініш берушіге жаңа нөмір бере отырып және прокаттау куәлігінің оң жағындағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар телнұсқа беріледі. 12.           Прокаттау куәлігі немесе телнұсқа өтініш берушіге қол қойғызып, жеке өзіне немесе сенімхат бойынша беріледі. 13.           Уәкілетті орган прокаттау куәлігін (телнұсқаны) беру жөніндегі қызметті тегін көрсетеді. 14.           Фильмге прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган Заңның 28-2-бабына сәйкес сот тәртібімен прокаттау куәлігін кері қайтарып алуға құқылы. 15.   Прокаттау куәлігі сот тәртібімен қайтарып алынған жағдайда, Фильмдер тізіліміне тиісті жазба енгізіледі. 16.  Прокаттау куәлігінің иесі заңды немесе жеке тұлғалармен фильмге Қазақстан Республикасы аумағында прокаттау құқығын беру туралы шарт жасалған кезде оларға тиісті прокаттау куәлігінің көшірмесін береді, бұл туралы ол жазбаша түрде мәміле жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлайды.