• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Ынтымақ істі бітірер

731 рет
көрсетілді

Қазақта “Жұрт келгендей жиын болсын, жұмылған қолдай ұйым бол­сын” деген тілек маз­мұндас мә­тел бар. Сол секілді Елбасымыз Н.Назарбаевтың ЕҚЫҰ Саммитін Астанада ұйымдастырудағы мақ­сат-мүд­­десін қолдай отырып, біз де ал­қа­лы жиынның абыроймен өтуін тіледік. Шүкір, Астана Саммиті жо­ғары деңгейде дүркіреп өтті. Әлем жұртшылығының назары­на іліккен аса маңызды оқиға ретінде тек Қазақстан тарихына ғана емес, дүние жүзі тарихына енді. Нұрсұлтан Әбішұлының кемелдігі мен көрегендігінің тағы бір жемісін көрдік: Қазақстан ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етуі­­мен қа­тар, он бір жыл үзілістен кейінгі халықаралық жиынды айтарлық­тай етіп ұйымдастырды. Елбасы соңғы Жолдауында: “Қазақстан ендігі жерде үй­рену­ші емес, үйретуші елге айналуы тиіс”, деген болатын. Шын мәні­сін­де, Астана Саммиті Қазақ­станның үйретуші елге айнала бастаға­нының айқын бір дәлелі болды. Мен педагогпін. Колледж ди­ректоры А.А.Бисенбаеваның мұ­рындық болуымен ұжым ішінде Саммитті талқыладық. Мен болсам, өз тарапымнан “жастар бо­йын­да қазақстандық патриотизмді тәрбие­леуде Астана Саммиті тағы­лым­ды тарихи оқиға болып қала бермек” деген тұрғыдағы ойыммен бөліс­тім. Әрбір жастың жүрегінде туған Отанына мақ­та­ныш сезімін оятып, оны көркей­туге деген құл­шыныс, ұмтылыс сынды қасиет­терді да­мыта алсақ, нұр үстіне нұр. Әрі Ас­тана Саммитіндей тың да өмір­шең тақы­рыпқа талай мәрте ора­латыны­мыз­ды жеткіздім. “Ынтымақ істі бітірер” демекші, біз халықаралық деңгей­дегі аса маңызды шараларды ұйымдастырып, табысты өткізе алатынымызды дәлелдей алдық. Пиалаш СҮЙІНКИНА, Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы. Қостанай облысы.