• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Ел рейтингін жоғарылатты

419 рет
көрсетілді

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қа­зақ­стан Жазушылар одағының бастамасымен «Жігер» атты жастар фестивалі өмірге келген еді. Кезінде жыл сайын үзіліссіз өтіп тұрған сол жақсы бастама тәуелсіздік жылдары «Шабыт» деген атпен күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жер-жердегі таланттарды іздеп, таза бұлақтың көзін ашқан фестиваль арқылы Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова сынды әншілер, Серік Байхонов, Хамитбек Мұса­баев сынды қаламгерлер қалың елге танылды. «Жігер» қаламына қанат бітірген талантты жастың бірі – сол кездегі жас қаламгер, бүгінгі белгілі жазушы Болат Шакимов десек, биыл Мәскеудің беделді баспаларының бірінен Болаттың «Что там, за далью?» атты көлемді кітабы көп тиражбен жарық көрген еді. Орыс тілінде жазатын Шаки­мовтің ең басты тақырыбы – тәуелсіздік жылда­рындағы қазақтардың өмірі, олардың қиындық­тар­ды еңсеру жолындағы ерен еңбегі, сол қарапайым ауыл адамдарының дүниетанымындағы өзгерістер мен жан дүниесіндегі иірімдер. Жақында Ресей Жазушылар одағының мәжіліс залында Болат Шакимовтің жаңа кітабының тұ­сау­кесеріне арналған шығармашылық кеш өтті. Кешті Ресей Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, көрнекті қаламгер Валерий Ганичев кіріспе сөзбен ашты. Кеште сөз сөйлеген М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, ақын Людмила Шипахина, жазушы Сәбит Досанов, көркемсөз шеберлері Ямиль Мустафин, Валентин Осипов, Андрей Воронцов, т.б. Болат Шакимов шығарма­шы­лығына жоғары баға берді. Қазақстаннан арнайы барған өнер шеберлері кешті қазақтың халық әндерімен әрлеп, күймен кестеледі. «Егемен-ақпарат».