• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі нәтиже қандай?!

516 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінде 2010 жылы Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізудің қорытындылары және 2011 жылға арналған жаңа міндеттер жөнінде республикалық кеңес болып өтті. Аталған кеңеске Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Ден­саулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, республиканың ден­сау­лық сақтау ұйымдарының басшылары қатысты. Халықтың денсаулығын сақ­тауда Елбасының өзі жыл са­йынғы Жолдауларында ерекше басымдық беріп келеді десек, «Жаңа онжыл­дық – Жаңа эко­номикалық өрлеу – Қазақ­стан­ның жаңа мүмкіндік­тері» ат­ты Жолдауында Мемлекет бас­шысы елдегі денсаулық сақ­тауды қар­жыландыруды қалып­тас­тыру­дың және нәтижеге бағыт­тал­ған ме­ди­циналық қызметтерге ақы тө­леудің нақты міндеттерін ай­қын­дап берген болатын. Сөйтіп, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле бастағаны өзімізге белгілі. Енді, міне, арада өткен бір жыл ішінде атқа­рыл­ған істер сарап­қа салынып отыр. Басқосуда Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова сөз алып, отандық меди­ци­на қыз­метінің сапалық көр­сет­кішіне кеңінен тоқталды. Оның айтуына қарағанда, соңғы 5 жыл ішінде жеке меншік емдеу орта­лық­тарының жаппай ашы­луынан осы сала ішінде бә­се­келестік қызу байқала бас­тап­ты. Өйткені, бәсе­кеден сапа туын­дайды. «Сырқат­танған адам­дар­ды жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде стационарды еркін таң­дау құқығын қамтамасыз ету үшін республикалық және өңір­лік ем­деу­ге жатқызу бюросы құ­рылды. Сонымен қатар, ағым­да­ғы жыл­дың ІІ жартыжыл­ды­ғын­да web техно­логияға негізделген жос­пар­лы емдеу порталы да қолға алын­ған. Мұндай жаңа мү­м­кін­діктерді пайдалану ар­қы­лы да осы саладағы бәсекелес­тікті арттыра аламыз», – деді министр өз сөзінде. Жалпы алғанда, бірыңғай ұлт­тық денсаулық сақтау жүйесі ел­дің барлық өңірінде жоғары дең­гейде атқарылып келеді екен. Бұ­рын тек республикалық клиникаларда ғана өткізілетін күр­делі операциялардың көптеген түр­лерін қазір облыс орталық­та­рын­да да жүргізуге то­лық­тай мүм­кін­дік жасалған болса, кардиоло­гия­лық және кар­диохирургиялық опера­ция­ларды жасауда да кәсі­билік деңгейі де көтеріліпті. Медициналық қызмет көр­сету сапасын арттырумен қатар, отан­дық дәрі-дәрмектердің қолжетім­ділігін арттыру мәселелері де ке­ңес барысында қызу тал­қы­ланды. Сондай-ақ дәрігерлердің әлеумет­тік жағдайлары, еңбек­ақы­лары­ның өсуі, жас маман­дар­­дың шетелдерге шығып, тә­жі­рибе алма­суларына толық жағ­дай жасау, бас­қа елдермен тәжірибе алмасу сынды кө­кейкесті мәселелер де осы жиында кеңінен сөз болды. Тұтасымен бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижелері барлық меншік ны­са­нындағы медициналық ұйым­дар үшін тең мүмкіндіктерді қам­тамасыз ету арқылы бәсеке­лес­тікті дамыту, сырқаттану­шылар­дың медициналық ұйымдарды ер­кін таңдау құқығын сақтау жө­ніндегі іс-әрекеттер алдағы жыл­дарда да өз жалғасын таппақ. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.