Тарих тағылымын терең зерделеген ұлттың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалады. Ал мемлекеттің өсіп өркендеуі, оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес. Мемлекет теориясындағы алғашқы қоғам институтына көңіл бөлетін болсақ, адам баласының саналы түрде өмір сүріп келе жатқанына алпыс мың жыл ғана болыпты. Ал оның ішінде, соңғы жеті мың жыл ғана адамзат баласы мемлекет нысанының шеңберінде болса, қалған елу үш мың жыл бойы алғашқы қоғам негізінде дамып келді. Оқырмандарға алғашқы қоғам жайында түсіндірудің қажеттілігі жоқ болар. Өйткені, рулық қоғамның ыдырауы мен мемлекеттің пайда болуының алғашқы белгілері туралы Фридрих Энгельс «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы туралы» еңбегінде жан-жақты ашып көрсеткен.
Бізге, мәлім алғашқы қоғамның ыдырауына түрткі болған екі жәйт: біріншісі, қан араласуына тыйым салу /табу/, яғни отбасының қалыптасуы; екіншісі, алғашқы жағдайдан туындаған, яғни жеке меншіктің пайда болуы.
Жоғарыда көрсетілген дәйекке сүйенетін болсақ, онда келесі сұраққа жауап іздейік, қанның араласпауына сол кезеңде алғашқы қоғам қандай механизмді орнықтырды?! Қазақ этносы ежелден ұстанып келе жатқан «Жеті ата» институты біздің ойымызша сол алғашқы қоғамда бірте-бірте жүзеге асқан механизм. Ал қазіргі қазақтан басқа ұлттар немесе этностар әртүрлі себептерге байланысты бұл механизмді жоғалтты. Қанның арласпауына қатысты өзекті мәселені алға тартып отырған Ұлыбританияның бүкіл әлемге танымал генетикалық институты соңғы он жылда қыз бойжеткен соң тек тұрмыс құрған ерімен ғана жақындасуын терең ойластыруда. Себебі, олар әркіммен жыныстық қатынаста болған қыз психикалық жүйесі бұзылған немесе ойлау қабілеті қорқынышты тұрғыда дамитын нәрестені өмірге әкелетінін дәләлдеп отыр. Ағылшындардың ғылыми тұрғысында зерделенген дәйектеріне сүйенетін болсақ, «Жеті ата» институтын ұстанып қалу идеологиясы ең алдымен бізге, қазаққа ой салуы тиіс деген ойдамыз. Иә, қазақты сақтап қалған, дені сау, рухы асқақ ұрпақ өсіруге себепкер болған осы институт еді ғой. Ендеше бардан ажырап қалмайық.
Дархан ЖАБАЕВ, Қаржы полициясының қызметкері.
Астана.