Биыл Кенді Алтайда желтоқсанға дейін қар жұқа жауып, күн жылы болды. Міне, 1 апта болды, облыстың таулы аймақтарына бір метрден астам қалың қар түсіп, кей жерлерде қар көшкіні жүре бастады. Осыдан үш күн бұрын 40 см. қар жауып, арты Алтайдың ақшұнақ аязына ұласты.
Кеше Өскемен қаласында және бірқатар аудандарда ауа райының -37°С-қа дейін төмендеуіне байланысты 1-9 сынып оқушылары мектепке бармады. Жаңа жыл қарсаңында күн күрт суытып, -42°С болуы мүмкін деген болжам бар.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері осыдан екі күн бұрын адасып кеткен бірнеше адамды құтқарып, қар тұтқынында қалған оннан астам автокөлікті аман алып шықты. Демек, жолға шығарда жолаушының әбден ойланғаны жөн.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.