• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2010

Достық, сенім және тату көршілік — басты бағытымыз

688 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер талқыланды. – Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы қарым-қатынастар стра­те­гиялық сипатқа ие. Біз мемлекеттер арасындағы достықты, сенім мен тату көршілестікті жо­ға­ры бағалаймыз. Қытай эконо­ми­ка­лық дағдарыс кезінде Қазақ­стан­ға едәуір қолдау көрсетті. Біз энергетикалық, көлік тәрізді көп­теген салалар бойынша ынты­мақ­тастықтамыз. Қазір біз ши­кі­зат­тық емес сектордағы, әсіресе Қазақстанның индустриялық-ин­новациялық бағдарламасын іске асыру аясындағы өзара іс-қи­мылымызды күшейтпекпіз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. – Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Қ.Саудабаевпен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы туралы баян­да­дым. Сонымен қатар, мен Нұр­сұл­тан Әбішұлына ҚХР Төраға­сы Ху Цзиньтаоның ықыласты сәлемі мен ізгі тілегін жеткіздім. Сондай-ақ біз 2011 жылы Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін жоғары деңгейде өт­кізуді қамтамасыз ету қажеттігін талқыладық. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның оның басшылығымен, әсіресе, әлеу­мет­тік-экономикалық даму, аймақ­тық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үдерістерінде қол жеткізген та­быстарымен құттықтадым. Сондай-ақ алдағы жаңа жылда – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылында толағай табыстар мен гүлдену тіледім, – деді Я.Цзечи. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.