• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Еліміздің басым бөлігінде жолдар жабылды.

295 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. Қазақстанның басым бөлігіндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтодор» РМК хабарлады. Еліміздегі ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Олар: «Екатеринбург-Алматы»,  Астана қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін, «Астана-Ерейментау-Шідерті», Астанадан Павлодар облысы шекарасы аралығы, «Екатеринбург-Алматы», Атбасар – Астана, «Астана-Қорғалжын», «Көкшетау-Атбасар» тасжолдары. Сондай-ақ, Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр, жел, көктайғақ) байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді: «Қызылорда-Павлодар» км. 433-749, Жезқазған қ. Атасу а. дейін; «Екатеринбург-Алматы» км. 1492-1610, Қарағанды қ. Ақсу-Аюлы а. дейін; «Екатеринбург-Алматы» км. 1353-1425, Ақмола облысынан Теміртау қ. дейін; «Қызылорда-Павлодар» км. 753-905, Атасу а. Топар а. дейін; 5.«Қызылорда-Павлодар» км. 970-1135, Қарағанды қ. Павлодар облысы шекарасына дейін; «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» км. 17-217, Қарағанды қ. Қарқаралы қ. дейін; 7.«Қалқаман-Баянаул-Керней-Ботақара» км. Павлодар облысынан Ботақара а. дейін; 8.«Екатеринбург-Алматы» км. 1612-2005, Ақсу-Аюлы а. Жамбыл облысының шекарасына дейін. 12.01 Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін «Қызылорда-Павлодар» км, 12-216, Қызылорда қ. Қарағанды облысының шекарасына дейін жол жабық. 12.01 Павлодар облысында ауа райының қоолайсыздығына байланысты Ақмола мен Қарағанды облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін көлік қозғалысы шектелді: «Астана-Ерейментау-Шідерты» км. 205-259, Ақмола облысы шекарасынан Шідерді а. дейін; «Қызылорда-Павлодар» км. 1135-1206, Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті а. дейін; «Қалқаман-Баянаул-Керней-Ботақара» км. 138-231, Баянауыл а. Қарағанды облысы шекарасына дейін. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: zakon.kz.