• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Шығыс Қазақстанда Катонқарағай ауданына әкім тағайындалды

368 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 12 қаңтар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Ахметқали Нұрғожин Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауданның жаңа басшысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды. Ол өз сөзінде жаңа басшының ауданның ерекшелігін ескере отырып тағайындалғанын жеткізді. Ахметқали Нұрғожин 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы Орталық Азия университетінің заңгер мамандығын тәмамдады. Ол өзінің еңбек жолын туған жерінен бастап, 1997 жылға дейін Бесқарағай аудандарының кеңшарларында агроном болып жұмыс істеді. 1997-2001 жылдары «Дәріжан» шаруа қожалығының жетекшісі болды. 2001-2005 жылдары аудандық жер инспекциясының бас маманы, одан кейінгі екі жылда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы болып еңбек етті. Содан соң Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2015 жылдары Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz