• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Атырауда департамент басшысы тағайындалды

373 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 13 қаңтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаровтың 2016 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды. Ол Ішкі істер министрлігі, Әділет Министрлігі, Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда болды. Атап айтқанда, 2000-2003 жылдар аралығында Бас прокуратураның Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы, 2003-2009 жылдары Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры болған. Қазақстан Республикасы  Президентінің  өкімімен 2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2014 жылдан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысы қызметін атқарды», – деп мәлімдейді облыстық департаменттің баспасөз қызметі. Жаңадан құрылған департамент басшысы Марат Ахметжанов Президент Жарлығымен «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ордендерімен, ведомстволық ордендер және медальдармен марапатталған. 3-ші сыныпты Мемлекеттік әділет кеңесшісі шеніне ие. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі.