Алматы облысының, Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында Өзбекстан Республикасының 10 адамы улы газға тұншықты. Бұл аталған ауылдағы болған оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше 3 ересек және 2 бала уланып қайтыс болса, өзге
5 адам халі мүшкіл күйінде Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Енді мұндай сорақылық неліктен орын алып отыр деген сұрақ кімнің болмасын көкейінен кетер емес. Әрине, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары жүргізілгенімен, бүгінде Жетісу жерінде улы газдан улану жалғасуда. Еске сала кетсек, былтыр 300000-нан астам тұрғын үйге үш кезеңнен тұратын айлық тексерулер жүргізілгенімен, өкінішті оқиғалар қайталануда. Сонда байқасаңыз, тексерістен түк нәтиже шықпай тұр. Тексеріс қағаз жүзінде ғана. Өйткені, адам өліп жатыр. Ал бұған ешкім жауап бермейді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.