• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

376 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы халық қалаулыларының Мәжілісті таратып, Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауларын тағайындау туралы бастамасын қолдайды. Тәуелсіздік тарихының 25 жылында Қазақстан мемлекеттік құрылыстың ең жауапты кезеңіне аяқ басып, «Бес институттық реформаның» Ұлт Жоспарын нақты іске асыруға кірісті. Бұл барша қазақстандықтардың бірігіп, ауқымды жұмысты тың қарқынмен қолға алуын қажет етеді. Саяси науқан болашағы біртұтас елімізді бірлікке бастап, биік мақсаттар аясында тұтаса түсуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, күллі әлемді құрдымға тартқан толассыз жаһандық дағдарыстың кезекті толқыны күшейіп келе жатқанын баршамыз көріп отырмыз. Бұл әлемдік нарықтың ажырамас бөлігіне айналған Қазақстанға да зардабын тигізбей қоймайды. Дегенмен, экономикасы нығайып, аяғынан нық тұра қоймаған кездердің өзінде алапат дағдарыстарға лайықты тойтарыс берген Қазақстан бұл қиындықтардан да абыроймен өтеріне сенеміз. Тек саяси науқандарға уақыт ұттырмай, тезірек іске кірісуіміз қажет. Сол себепті, Парламент депутаттарының бас­тамасына қолдауымызды білдіре отырып, барша қазақстандықтарды тағдырлы мәселеге үн қосуға шақырамыз.