• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2016

Жетібайда жалған медбике жүр

208 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы Жетібай елді мекеніндегі ауруханада осы кезге дейін жалған медбике жұмыс жасап келіпті. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері тауып алды. Осы қылмыстық істі қараған Қарақия аудандық соты Жетібай ауруханасында арнайы білімсіз медбике жұмысын атқарып келген адамға қатысты шешім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 685-бабы, 3-тармағы бойынша айыпты болып танылып, 99100 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сотталушы аталмыш ауруханада 2012 жылдан бері жұмыс жасап келген. Алайда, ол арнайы сертификатсыз мұнда жұмыс істеуге тиіс емес еді. Мұны білген жалған медбике оның орнын жалған сертификатпен толтырып қойған екен. Мұрат АЙТҚОЖА.