• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде «Даму» қоры жылды қорытындылады

338 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 12 қаңтар. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе филиалы 2015 жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Акционерлік қоғамның Ақтөбе филиалының директоры Жеделбек Мұрзағалиевтің мәлімдеуінше, өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша бизнесті несиелеу қарқынды дамыған. Соның ішінде ауыл кәсіпкерлері осы бағдарламаның кепілдендіру және субсидиялау секілді құралдарын белсенді пайдаланған. Мысалы, 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 129 кәсіпкер субсидияланса, соның 28-і, ал, өткен жылы 135 кәсіпкер субсидияланса, соның 48-і ауылдық аймақтарда тұрады. 2014 жылға қарағанда, кепілдік алған ауыл кәсіпкерлерінің саны 5 есе артты. Егер 2014 жылы облыс бойынша 32 жоба кепілдемелік мақұлданса, соның 7-і ауылда, ал 2015 жылы облыс бойынша барлығы 79 кепілдендіруге мақұлданған жобалардың 34-і ауылдықтар болған. 2015 жылы кепілдендіру бойынша мақұлданған стартап жобалары 3 есе артқан. 2014 жылы 7 стартап жобасының кепілдемесі мақұлданса, 2015 жылы бұл көрсеткіштің саны 21 жобаға жетті. «Өндіріс» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында жалпы сомасы 6,6 млрд. теңге құрайтын 71 жобаға қолдау көрсетілген. 2016 жылы ауыл кәсіпкерлігінің көрсеткіштері әрі қарай дами түсетініне сенім мол. Бұған 2015 жылы облыстық әкімшілікпен осы қордың арасында қол қойылған жас кәсіпкерлерді, ауылдағы кіші және орта бизнесті қолдауға бағытталған жалпы сомасы 900 млн. теңге құрайтын меморандумдар алғышарт жасайды деп күтілуде. Жиынға қатысқан Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Бағжан Тлегенов өңірде шағын және орта бизнестің дамуы туралы ойларын ортаға салып, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтетін қадамдарға тоқталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: e-kyzylorda.gov.kz.