• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2016

Адам тасымалдаушылар 6 млрд. доллар тапты

209 рет
көрсетілді

Таяу Шығыстан Еуропаға бос­қындар тасымалдап, контрабандамен айналысқандар өткен жылы рекордтық деңгейде табыс тапқан. Атап айтқанда, заңсыз жолмен адам тасымалдаушылар 3 млрд. доллардан 6 млрд. долларға дейін пайдаға кенелген. Еуропол басшысы Роб Уэйнрайттың айтуынша, мұндай дерек бір жарым мың босқын мен экономикалық мигранттар қатысқан сауалдама барысында белгілі болған. Олардың 90 пайызы Еуропаға келу үшін қылмыстық топтарға ақша төлегенін айтқан екен. Орташа есеппен әр босқын 3 мыңнан 6 мың долларға дейін төлеген. Сондай-ақ, Еуропол басшысы осы іспен айналысушылардың қыл­мыстық желісінде адамдар мың­дап саналатынын айтты. Тек 2015 жылдың өзінде осы іске қатысы бо­луы мүмкін 11 мың күдікті анық­талған. Айта кетейік, көші-қон мәселесі жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметтеріне қарағанда, жаңа жылдың алғашқы екі аптасында ғана Еуропаға заңсыз жолмен Таяу Шығыстан шыққан 24 мың босқын келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, үш есеге көп. Ернар МҰХАМБЕТ.