• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Қарулы Күштер үшін броньды машинаның жаңа түрі жасалады

346 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. Қарулы Күштер үшін броньды автомобильдің жаңа түрі жасалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Барыс» 6х6 броньдалған доңғалақты машинаны «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС жасап жатыр. Әскери техниканың салмағы 22,5 тонна. Ол сағатына 110 км-ге дейін жылдамдықты үдете алады.  Машинада 8 орын болады. Онда жүргізуші, командир, көздеуші мен жауынгерлер отырады. Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштері үшін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауыты 4х4 «Арлан» БКМ партиясын дайындап жатыр. Броньды машиналардың алғашқы партиясы осы жылы шығарылады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
Соңғы жаңалықтар