• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Қарағандыда бейсбол таяғымен қорқытып, үй тонағандар ұсталды

299 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 қаңтар. Қарағандыда бейсбол таяғымен қорқытып, үй тонап жүрген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Үш адамнан құралған қылмыстық топ ауқатты тұрғындардың пәтерлеріне баса-көктеп еніп, үй иелерін тапаншаға ұқсас затпен және бейсбол таяғымен қорқытып, ақша мен қымбат заттарын алып кетіп жүрген. Мәселен, олар қаланың Октябрь ауданындағы бір пәтерге шабуыл жасап, 200 мың теңгені тартып әкеткен. Күдіктілерді қолға түсіру тәртіп сақшыларына оңайға түспеді. Өйткені олар бетперде киіп, соңдарынан із қалдырмай, аса сақтықпен әрекет етіп жүрген. Таяуда осы іс бойынша арнайы құрылған жедел топ – қылмыстық полицияның жедел уәкілдері мен «Арлан» арнайы тобының жауынгерлері күдіктілерді қолға түсірді. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz.