• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Хромтаудың «Горняк» командасы – ел чемпионы!

420 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 26 қаңтар. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында өткен 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы допты хоккейден Қазақстан біріншілігі мәреге жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дөң тау-кен байыту комбинатының сауықтыру-дене шынықтыру кешенінде төрт күн бойы еліміздің өңірлерінен келген бес команда ел біріншілігінің алтын жүлдесін сарапқа салды. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде осы кешеннің жанындағы допты хоккей секциясының тәрбиеленушілері финалда Орал қаласының командасымен кездесті. Нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды. «Горняк» командасының алты ойыншысы еліміздің құрама командасына шақырылды. Енді олар 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Ресейдің Архангельск қаласында өтететін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады. «Біздің балалар өте жинақы және шебер ойнады. Қарсыластарымыз да осал емес. Шәкірттерім әсіресе, финалда әдемі ойын өрнегін көрсетті», – дейді «Горняк» командасының жаттықтырушысы Амансерік Ұстабаев. Осы жылдың наурыз айында мұнда ең жас хоккейшілердің арасында ел біріншілігін өткізу көзделуде. Комбинат директоры Марал Бекеев допты хоккейден Қазақстан чемпионатын Хромтауда өткізу дәстүрге айналғанын, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасын табатынына сендірді. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар