• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Петропавлдағы өртенген үйдің тұрғыны ауруханада қайтыс болды

231 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 26 қаңтар. Облыс орталығында 314 атқыштар дивизиясы көшесіндегі тұрғын үй өртеніп, салдарынан денесін күйік шалған тұрғын ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған көшеде орналасқан тұрғын үй түн жарымында отқа оранды. Ал өрт сөндірушілер оқиға орнынан ер адамның мүрдесі тапты. Онда 65 жастағы екінші топтағы зейнеткердің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Айта кетейік, ол №3 ауруханаға жедел түрде жеткізілгенімен, жансақтау бөлімшесінде қаза тапты. Өмір Есқали. Дерек: облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: all-pix.com.
Соңғы жаңалықтар