• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Грекияда босқындар мінген кеме апатқа ұшырады

301 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 қаңтар. Еуропаға заңсыз жолмен бағыт алған босқындар кемесі Грекияға таяу маңайда апатқа ұшырады. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Апаттың салдарынан кем дегенде 24 адам қаза тапты. Оның сегізі бүлдіршіндер. Ал құтқару жұмыстары кезінде шекара қызметкерлері 10 адамды аман алып қалды. Айта кетейік, бірер апта бұрын Грекияда босқындар мінген қос кеме апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапқан. Осыған байланысты еуропалық комиссия Грекия басшылығын сынның астына алды. Олардың айтуынша, гректер Еуропалық одақтың шекарасын қорғау туралы заңға сай әрекет етпей отыр. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: fishki.net.