• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Сатушыларға сабақ оқиға

365 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы супер­мар­кеттің сатушыларынан маза кетті. Олар адамның көзін заматта байлап, тақыр­ға отырғызып кететін келін­шекпен кездесуге жатпай-тұрмай әзірленіп жатыр... Таяуда Қарағандыдағы дү­кендердің біріндегі бей­набақылау камерасы тү­сір­ген кадр бүкіл еліміздің су­пермаркеттерін шарлап кетті. Бұл көріністе клиент әйел алған тауарына ақша төлемей кассирдің алдынан оп-оңай өтіп кеткен. Тіпті, сатушы қыз оған ұсақ ақша қайтарып беріпті. Кассир қыздың айтуынша, бәлендей қулықты байқай қоймаған, басының қалай айналғанын да сезбепті. Ал психолог Галина Бу­ла­венко осы жайтқа қа­тысты мынадай ой айтты: «Бұл жерде эриксондық гипноз қолданылуы мүмкін. Негізі, сатушы мынадай алгоритм-тәртіп бойынша жұмыс істейді: алдымен түбіртекті теседі. Экраннан цифрды, онан кейін клиенттің қо­лын­дағы купюраны кө­реді. Сол кезде ол автомат­ты түрде қайтарып беретін соманы есептей бастайды. Ал алаяқ әйел болса купюраны көрсетті де, қайтып ала қойды. Сол кезде сату­шының ой механизмі іске қосылып, авто­матты түрде қалдық ақ­шаны қолына ұс­тата берді...». Облыстық ішкі істер де­партаментінің баспасөз қыз­меті хабарлағандай, әзір­ге зардап шегуші жақтан арыз түспеген. Келтірілген шы­ғын соншалықты көп емес екен. Бірақ бұл оқиғаның са­тушыларға ащы сабақ болары айдан анық. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.