• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Павлодарда ауыл мектептерінің оқушылары гранттарға ие болды

312 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 26 қаңтар. Облыс орталығында 15 пән бойынша өткен 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиадаға 25 командаға бөлінген  707 оқушы қатысты. Бұл жайында «Ертіс дарыны» орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ең үздік олимпиадалық команда-2016» номинациясы жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша: І орын - дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі; ІІ орын - дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты; ІІІ орын - «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; гуманитарлық бағытында: І орын - облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернаты;  ІІ орын – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы; ІІІ орын – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі. «Олимпиаданың жаңа жұлдызы» номинациясы қазақ-түрік лицейдің оқушысы Теміржан Карина атанды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің гранттарын Үштерек ауыл мектебінің оқушысы Айболат Қожахметов, Қараоба ауылынан Мәдине Темірова, Бірлік ауылының оқушысы Қарлығаш Жұмағали алды. Инновациялық Еуразия университетінің грантын облыс орталығындағы №22 мектеп оқушысы Аслана Салимова иеленді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар