«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығының сауда орындарынан жаяу қайтып келе жатқан үш қазақстандықтан жарияланымсыз заттар тапты. Олардың бірінен, яғни 38 жастағы Бағдат есімді азаматтан салмағы 300 кг. болатын халық тұтынатын тауар тәркіленді. Екіншісі 39 жастағы Шынар есімді азаматша киімінің ішіне 10 дана айфон ұялы телефондарын жасырып алып өтпек болыпты. Ал 38 жастағы Тимур есімді азамат та тура алдыңғы аталған азаматша секілді, қойны-қонышын айфонға толтырып алған екен. Одан да 10 дана ұялы телефондар табылды. Ұсталғандар заттарымен «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.