• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Ресейдегі қырғыз азаматтарының мәйіті Бішкекке жөнелтілді

263 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 3 ақпан. Мәскеудің тігін фабрикасында шыққан өрттен ажал құшқан 12 адамның 8-і қырғыз азаматы болатын. Қазір осы оқиғаға байланысты Қырғызстанның вице-премьері Гүлмира Құдайбергенова Ресей астанасында жүр. Бұл туралы ҚырТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар. Олардың барлығы қырғыздың Баткен облысында туған. Одан бөлек тағы екі өзбек азаматының мәйіті табылды. Қырғыз дипломаттары Мәскеу әуежайында марқұмдардың туыстарын тосып алып, мәйітті Қырғызстанға жіберудің жолдары мен өтемақы туралы ақылдасуда. Вице-премьер министр Гүлмира Құдайбергенова оқиғаға байланысты Ресей тарапынан жедел әрі тиянақты көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Өрт шыққан тігін цехы жұмысшыларының барлығы да Орталық Азия республикаларынан келген еңбек мигранттарынан құралған. Мәйіттер Бішкеке жөнелтіле бастады. Қазір оқиғаға байланысты Ресей Федерациясы қылмыстық істер кодексінің 167 бабына (мүліктерді бүлдіру үшін әдейі жасалынған қылмыс) сай қылмыстық іс қозғалды. Талғат Сүйінбай Дерек, сурет: ҚырТАГ