• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Халықтың өтініші басты назарда

308 рет
көрсетілді

Сыр өңіріндегі «Нұр Отан» партиясының мүшелері әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындарына белсенді түрде қатысуда. Олардың мақсаты – халықпен кездесу барысында көтерілген түрлі мәселелер мен арыз-шағымдарды жинақтап, сараптау және беріл­ген уәделердің орындалуын ба­қы­лау. Осылайша аймаққа тән түйт­кілдерге мониторинг жасай отырып, оның түйінін тарқатуға ықпал етпек. Бұған партия фи­лиал­дарының саяси кеңесі және саяси кеңестің бюро мүшелері және бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенді партия мүшелері қатысуда. Айта кету керек, партиялық мониторинг және бақылау жұмысы кеше Қазалы, Шие­лі ауданы және Қызылорда қа­ласына қарасты Ақжарма, Ақсуат ауылдық округтері әкімдерінің есепті кездесуінде жалғасты. Мәселен, Қызылорда қалалық партия филиалы саяси кеңесінің бюро мүшесі, облыстық партия фи­лиалы қоғамдық қабылдау бө­лімінің меңгерушісі Шәріп Әбдірахмановтың айтуынша, жал­пы, бүгінгі күнге дейінгі әкім­дердің халық алдындағы есеп­ті кездесулерінде жергілікті тұрғын­дар тарапынан 291 ұсыныс-пікір­лер келіп түскен. Ақжарма ауыл­дық округі әкімінің есеп беруі барысында партияға 3 ұсыныс түсті. Мәселен, өткен жылы осы елді мекеннің тұрғындары балабақша қажеттігін айтқан. Араға жыл салып ауылдықтардың тілегі орындалды. Күні бүгін мұнда 100 орынды жаңа бөбекжай ашылды. Осы секілді ұсыныстардың орын­далуына да партия өз тарапынан ықпал жасайтын болады. «Нұр Отан» белсенділері игі мақсаттағы жүйелі жұмысты жалғастыра бер­мек. «Барлық аудан әкімдері тиіс­ті, өз уақытында көрсетілген кес­те бойынша есеп беріп жатыр. Бұл жердегі сұрақтардың бәрі «Нұр Отан» партиясы белсен­ділері арқылы мониторинг жасалып, бақылауға алынуда»,– дейді «Нұр Отан» партиясы филиа­лының бөлім меңгерушісі Шәріп Әбдірахманов. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.