• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2016

Ақмола полицейлері бір айда 11 мал ұрлығының 7-ін ашты

241 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 4 ақпан. Ақмола облысының полицейлері биылғы жылдың алғашқы айында орын алған 11 мал ұрлығының 7-ін ашып, күдіктілерді қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстың тәртіп сақшылары мал ұрлау фактілерін болдырмау жөніндегі былтыр басталған пәрменді шараларды биыл да жалғастырып келеді. Ол аймақтың бірнеше нүктесінде бекеттер қою негізінде жүзеге асырылуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2015 жылы 817 ірі мал иелеріне қайтарылған болатын. Сол сияқты 3 мыңға жуық үш жақты келісімдер жасалды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.