Ағымдағы жылғы 1 ақпанда Ерейментау стансасындағы желілік полиция бөліміне Ерейментау ст. «Локомотив - 2030» ЖШС филиалының директоры шағым айтып келген. Оның айтуынша, 4 ер-азамат дизель отынын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері 2 тепловоз машинисі мен 2 машинист көмекшілерін анықтап, ұстады. Олар биылғы жылғы 20 қаңтар күні Ерейментау ст. депо аумағында тұрған маневрлік тепловоздан 392 литр дизель отынын ұрлаған болып шықты. Келтірілген залал көлемі 38862 теңге, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.