• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

«Динозавр сәлемі»

487 рет
көрсетілді

Бор дәуірінен жеткен құнды жәдігерлер Құсмұрын десе, еске Шоқан түсе­ді. Халқымыздың маң­дайына біткен жұлдызы балалық шағында осы өңірдегі Орта бұлақтың суын ішіп, тоғайын кезіп, қыста жарқабақтағы қа­лың қарға аунап ойнағаны ақи­қат. Бүгінде сол Құсмұрын көлі архео­логтардың айналшықтай беретін орнына айналған. Бұл жерден осыдан бірнеше жыл бұрын геологтар қоңыр көмір тапқан болатын. Қазір мұнда Приозерный кеніші бар. Облыстағы археологтар мен тарихшы ғалымдар осы жерден ежелгі тіршіліктің қал­­дықтарына жиі тап болады. Өткен жылы жазда ха­лықаралық олимпиадаға қатысу бағдарламасының талаптары бойынша «Геобайт» жас геологтар үйірмесінің мү­шелері үшін «Геобайт-инфо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құсмұрынға экспедиция ұйым­дастырды. Оның құрамына облыстық тарихи-өлке­тану музейінің биолог мамандары да енген. Экспедиция осы кеніштен мол олжаға кездесті. Оның барлығы му­зейде осы сапар қорытындысы бо­йынша жа­салған көрмеге қойыл­ды. – Осыдан миллиондаған жыл­­дар бұрынғы бор дәуірі тір­ші­лігіне тән қалдықтарды кеніш орнынан қиналмай теріп алдық. Олар мұндағы аршылған топырақ қабат­тарынан түскені айқын. Аку­ланың түрлі көлем­дегі тістері, мозазаврлар, пле­зио­­заврлар сүйек­тері, тасқа айналған ағаш кесіндісі, түрлі бақалшақтар мен белемниттер, қабыршақтар олжамызға айналды, – дейді музей­дегі та­биғат секторының ғылыми қызметкері Татья­на Иванова. Ғалымдардың айтуынша, Торғай ойпаты адамзат тари­хындағы тым ежелгі бор және палеоген дәуірлерінде екі рет судың астында болған. Аядай ғана Құсмұрын тұзды көлі – сол ежел­гі мол судың бүгінге жеткен куәсі. Бүгінде жұмысын тоқтатқан При­озерный кені­шінің орнына динозавр іздеп барған жас геологтар мен мамандар оның өзін таппаса да, мозазаврлар, плезиозаврлар се­кілді алып су кесірткелерінің, яғни «замандастарының» қал­дықтарын тапқанын үлкен олжа санады. – Біз олжаларымызды «Ди­но­­завр сәлемі» деп атадық. Болашақта оның өзін де тауып қалармыз, – дейді Татьяна Иванова. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.