• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

«Бәйтерек» холдингі 17 жобаны іске асырады

425 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 6 ақпан. «Бәйтерек» холдингі 390 миллиард теңгеден астам сомаға жеке капиталды тарту арқылы 17 жобаны іске асыруды жоспарлайды. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы) жобалары қоржынында бүгінде 17 жоба жинақталды. Олар бірнеше жыл ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану арқылы жүзеге асыратын болады. Қазіргі уақытта 282 миллиард теңге мөлшеріндегі жеке инвестициялардың сомасына 11 жоба енді. 2016 жылы 110 миллиард теңгеден кем емес жеке инвестициялардың сомасына қосымша тағы 6 жобаны құрылымдау жоспарланды. Орталық әзірлеуге қатысқан жобалардың бірі – үлкен Алматы айналма автомобиль жолы. Өткен жылдың соңында әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдер қабылдау басталды. Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы құны 38 миллиард теңге болатын «Алматы қаласында Санжар Асфендияров атындағы медициналық университеті жанынан көпбейінді аурухана салу» жобасы бойынша байқау ұйымдастыруда. Жоба Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласында ұзындығы 48 шақырым  4 жолақты қозғалысы бар айналма жолды салу бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы іске асырылуы мүмкін. Іске асырылатын жобалардың ішінде: Қызылорда қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салу, Шымкент қаласында 1500 орындық еңбекпен түзеу мекемесін салу, Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік желісін салу, Петропавл қаласында балабақшалар салу, Қызылорда қаласында жатақханасы бар 600 адамға арналған колледж салу, Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы бар. 2016 жылға жоспарланып отырған жобалар қатарында: Алматы қаласын айналып өтетін темір жолы, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мұқтаждықтары үшін тұрғын үй, Қызылорда облысында су арнасы, әуежолаушылардың бірыңғай деректер базасы,  Қазақстанның ұлттық геоақпараттық жүйесін құру, Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерватория үшін жатақхана салу бар. Айнаш Есали. Дерек, сурет: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі