• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2016

Кәсіпкер алимент төлемеу үшін қызын өлтіртпек болған

311 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 ақпан. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында тұратын кәсіпкер бизнесін бөліске салмас үшін және алимент төлемеу мақсатында ажырасқан әйелі мен кішкентай қызын өлтірмекші болған. Бұл туралы ras.kz дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан Орал қаласында өзінің кәмелетке толмаған баласын тапсырыс беру арқылы өлтіртпек болды деген күдік таңылған 60 жастағы бизнесмен ұсталды», - делінген хабарламада. Полиция мәліметіне қарағанда, кәсіпкер «бизесті бөліске салу мен баланы асырау үшін алимент төлеуден қашу мақсатында» өзінің 8 жастағы қызы мен оның анасы, 40 жастағы әйелді өлтіртуге әрекет жасаған. Осы «тапсырысты» орындау үшін ол бұрын сотты болған 52 жастағы азаматқа 5 мың доллар ақша төлеп қойған. Талғат Райымбек. Дерек, фото: ras.kz.