• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Телефон арқылы сөйлесті

157 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президенттер екі ел эко­но­ми­касындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясын­дағы және екіжақты пішімдегі ынтымақтастық мәселелерін тал­қылады. Сонымен қатар, Ресей мен Ук­раина қарым-қатынасының қа­зіргі жағдайы мен Минск уағ­да­ластықтарын орындауды жалғас­тыру жайын қарастырды. Тараптар Ресей-Түркия қа­рым-қатынасының нашарлауы­на қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күр­делендіргенін қайталап айтып, соған орай жағдайды түзеуге Түр­кия қадам жасауға тиістігін алға тартты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Вла­димир Путин Қазақстан мен Ре­сей­дің екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты. Сондай-ақ, екі мемлекеттің ли­дерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕАЭО, Өңіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады.